Мектебімізде 25 - қараша күні ауылымыздың имамы А.Кәдірбайұлымен кездесу өтті. Мұндағы мақсат – жасөспірімдерге дініміз туралы жан-жақты түсінік беру, оларды діни түрлі жат ағымдардан сақтандыру. Оған 5-9 сынып оқушылары қатысты. Кездесудің тақырыбы «Дін және мәдениет» деп аталған. Имам кездесулерде сабырдың пайдасы жөнінде көптеген деректі әңгімелер өрбітті. Біреуге жазықсыз зәбір берудің ақыры жақсылыққа апармайтынын нақты деректермен көрсетті. Ол бұл ретте адамзаттың ұлы тұлғасы саналатын Мұхаммед пайғамбарымыздың өмірінен әр-алуан әңгімелер айтты. Онымен қатар біреуге зәбір берген адам түптің-түбінде арандап қалатынын мәлім етті. Ал сабырлы адамның керісінше зор жетістіктерге жететінін мысалдармен түйіндеді. Ауылымсыздың бас имамы сонымен қатар, ислам дінінің өзіндегі түрлі жат ағымдар туралы мазмұнды әңгімелер айтып, оқушылардың ой-түсінігін кеңейтті. Сонымен қатар жоғары сынып оқушыларының сұрақтарына жауап қайтарды. Кездесуде жасөспірімдерге түрлі бейне-роликтер көрсетілді. Олар оқушылардың діни сауатын ашуға ықпал етті.
Кездесу барысында мектебіміздің тарих пәінің мұғалімі Даулет. С.Б. баяндама оқыды. Мұнда да ислам дінінің қадір-қасиеті туралы кеңінен әңгіме болды. Терроризмнің алдын алу мақсатында да пайдалы әңгімелер ортаға салынды.