Текст
21.11.2025
“Болашақ” шағын орталығының тәрбиеленушілері шығармашылықпен айналысуда! ✨
Біздің кішкентай өнерпаздар бүгін ерекше шабытпен шығармашылық жұмыс орындады. Балалар қиялдарына ерік беріп, түрлі-түсті бояулармен, қағазбен және әртүрлі материалдармен әсем туындылар жасады.
Шығармашылықпен айналысу – баланың ой-өрісін кеңейтіп, ұсақ моторикасын дамытып қана қоймай, өз ойын еркін жеткізуге мүмкіндік береді.
Біз әрбір баланың талантын қолдап, олардың жаңа идеяларды батыл зерттеуіне жағдай жасап келеміз.