Жарқайың ауданының мемлекеттік мекемелерімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қызметтерді іске асыратын мемлекеттік органдардың бірлестірілген жүйесіне енеді.
Тұрғындарға көрсетілетін мемлекттік қызметтің сапасын арттыру бұл азаматтар арасында мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін арттырады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың негізгі аспектісі.
Мемлекеттік қызметтер келесі негізгі принциптердің негізінде көрсетіледі:
- ата-тегінің, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайының, жынысының, нәсілінің, ұлтының, тілінің, дінге қатысанысың, сенімінің, тұратын жерінің немесе басқа да жағдайлардың себебін кемсітпеусіз қызмет алушылардың тең қол жетімділігі;
- мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында былық және бюрократизм көріністерін болдырмау;
- мемлекеттік қызмет көрсету саласында есепшілік пен барлығының байқалып, көрінуі;
- мемлекеттік қызметтің сапасы мен қол жетімділігі;
- Мемлекеттік қызметті көрсету процессін үнемі жетілдіріп отыру;
- мемлекеттік қызметті көрсетудегі үнемділік пен тиімділік.
Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Далабай ауылының негізгі орта мектебі» КММ мемлекеттік қызметтің 6 түрін көрсетеді:
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау»- 4;
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау»-0;
«Жалпы білім беретін оқу орындары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»-2;
«Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»-0;
«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау»-6;
«Педагогтерді аттестаттаудан өткізу үшін құжаттарды қабылдау»-0;
Барлық мемлекеттік қызметтер ҚР 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңының 24-бабының негізінде ақысыз көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Конституциясымен негізделген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88- V Заңын және бекітілген ережелері басшылық етеді.
2023 жылы Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Далабай ауылының негізгі орта мектебі» КММ мемлекеттік қызметтің 3 түрі бойынша 12 қызметі көрсетілді, ЭҮП арқылы -6; көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және өтінімді АЖ қолмен енгізу арқылы-6.
2023 жылы жүргізілген сараптаманың негізінде Далабай ауылының негізгі орта мектебінде ең талап етілетін мемлекеттік қызметтер» «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау»-6;
Мемлекеттік қызметтің көрсетілу реті туралы ақпарат мектептің интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде шығарылады. Мемлекеттік қызметтің ережелерін бекіту мүмкіншілігі бойынша сайттың бұл бөлімі үнемі жаңартылып тұрады.
Сонымен қатар ақпарат мемлекеттік органдарда, жалпыға қолжетімді орындарда, ақпараттық стендтерде, instagram, facebook әлеуметтік желілерінде орналастырылған.
Сондай-ақ Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Далабай ауылының негізгі орта мектебінде» КММ мемлекеттік қызмет көрсету ережелері және оларды көрсету реті жарияланған стенді ресімделген.
жүйесінде «Сапалы қызмет көрсету тақырыбында, біліктілікті арттыру», курстарын өтті.
2023 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсаны аралығында мемлекеттік қызмет тұтынушыларынан жергілікті атқарушы органдарға шағым түскен жоқ.
Мемлекеттік қызметті көрсету сапасына бақылау жүргізу, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг және бағасы келесі принциптерге негізделеді:
1) заңдылық;
2) объективтілік;
3) турашылдық;
4) туралық
Қызметті тұтынушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттандырылуының әрі қарай тиімділігі мен жетілдіру үшін 2024 жылы мемлекеттік қызметті уақытылы көрсетуге бағытталған ұйымдастырушылық сипаттағы сәйкес келетін шаралар қолдану.
«Электронды үкімет» порталы, Мемлекеттік корпорация орталығы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметті қолданушылардың санын арттыру бойынша жұмысты жалғастыру.