"Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Далабай ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная срядняя школа села Далабай отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Тарих білгірлері» атты интеллектуалдық ойын.

23.01.2017


«Тарих білгірлері» атты интеллектуалдық ойын.
Мақсаты:
Оқушылардың қазіргі білім негізінде Қазақстан тарихының өркениет құндылықтарымен байланысын анықтай отырып жан-жақты білімін, ойлау, сөйлеу шеберлігін шыңдау арқылы өз интеллектуалдық қабілеттерін арттыру.

Міндеттері:
-Қазақстан тарихы пәнінен білімдерін шыңдау;
Көрнекілігі: Ұлағатты сөздер,интерактивті тақта,слаид.

Жүргізуші сөзі:

Құрметті ұстаздар, оқушылар,сайысқа қатысушы үміткерлер, «Тарих білгірлері» атты интеллектуалдық ойынды бастауға рұқсат етіңіздер.

Құрметті сайыскерлер ойынымыздың шарттарымен таныс

болыңыздар.

Ойынның барысы:

І.Таныстыру.

ІІ. «Өткел».

ІІІ. «Белес».

ІV. «Бекет».

V.”Жылдар сөйлейді”.

І.Таныстыру. (Әр топтың топ басшылары қысқаша таныстырады)

ІІ. Өткел. Мына әріптерден сөздер құрастыр. Бұл кезеңде «Басқатырғыш» шешеміз

1.РХЕАГИЯОЛО-заттай деректер бойынша адамзат тарихының ежелгі кезеңін

зерттейтін ғылым.

2.ТРОЕПФЛИГ- тас,жартас бетіне қашау арқылы сызып немесе ойып салынған сурет.

3.ЮЙЬШАН- ғұн мемлекетінің билеушісінің лауазымы.

4.ГРАЭТФИЯНО- әр түрлі халықтардың тұрмыс-тіршілігін зерттейтін ғылым.

5.АЦИЯТАДАП- қалыптасқан жағдайға бейімделу.

6.ФЕРЕРЕНДМУ- аса маңызды мемлекеттік мәселе бойынша жалпы халықтық дауыс беру.

7.АТКРДЕИЯМО- халық еркі немесе билігі.

8.ҰЕЫҚ- Қазақстан 2010 жылы осы ұйымға төрағалық етті. Астана қаласында 2010

жылы 1-2 желтоқсанда саммиті өтті.

9.ПОСЭК-1917 жылы Астанада өтетін дүниежүзілік көрме.Тақырыбы: «Болашақтың

энергиясы».

10.ЕКОНЮС-БҰҰ-ның білім және мәдениет жөніндегі ұйымы

ІІІ.Белес. «Бұл кім?»
1.Б.з.б.484-425 ж.ж.шамасында өмір сүрген грек тарихшысы. Цицерон оны «тарихтың

атасы»деп атаған.Ол алғаш «тарих»атты еңбек жазған.

2.Парсы патшасының басын кесіп, қан толтырылған торсыққа салады да, «сен қанға тоймаушы едің, енді

тойғаныңша іш!» деген сақ патшайымы.

3. ....Менің есігімде темір балқытушы болып жүрген құлдың қызымды сұрауға қалай дәті барды екен деп Бумын қағанды кемсітеді.

4.Арабтар шайқастарға тікелей өзі қатысып ылғи да жеңіске жетуіне байланысты «сүзеген», «мүйізді қаған» деп атаған Түргеш қағаны. Бірақ ол өз қолбасшысы Баға тарханның опасыздығынан қаза болды.

5.Қарахан мемлекетінің негізін қалаған. Ислам дінін қабылдағаннан кейін саманилерден қолдау тауып, өзінің туысы Оғұлшақты жеңіп шығады. Ол билеп тұрған Тараз бен Қашқарды да бағындырады. Сөйтіп бірыңғай бір орталыққа бағынған Қарахан мемлекетін құрды.

6. 1155-1227 жылдар аралығында өмір сүрген 1206 жылы ақ киізге көтеріліп хан сайланған Ұлы Моңғол

империясының негізін қалаған  Шыңғысхан (Темучиннің)  әкесінің аты кім

7. І  Дарий әскерін ай далаға алдап апарып елі үшін құрбан болған сақ батырын ата

8.1835 жылы қарашада Құсмұрын бекінісінде туып, Сырымбетте (Солтүстік Қазақстан) өсті.Оның шын есімі - Мұхаммед-ханафия.Ол географ, саяхатшы, ойшыл, тарихшы, этнограф, әрі суретші. Әкесі Шыңғыс Абылай ханның немересі. Оның жетіліп, сана сезімінің ерте оянуына әжесі Айғаным әсер етті.1858-1859 жылдары

өзін әлемге әйгілі еткен Қашқар саяхатына барды.

9.  14-15 ғасырларда  Әбілхайыр ханның қыспағына шыдай алмай соңына 200 адамды ерітіп Есенбұғаның бөліп берген Шу мен Талас өңіріне барып бүгінгі күндегі қазақ мемлекетінің құрылуына негіз болған яғни қазақ хандығын

құрған  ірі тұлғаларды ата

ІV.Бекет.

10 10 10

20 20 30

30 30 30

10/1. Ұлы  Жібек жолы  Қайдан басталады

10/2.Шығыстағы тарихтың атасы Сыма Цяньның еңбегі  қалай аталады

10/3.Қожа Ахмет Яссауй кесенесінің ішінде неше бөлме бар

20/1.  Б.з.б 519-518 жылдары сақтарға жорық жасаған  парсы патшасын ата
20/2.  Темір дәуірі қай кезеңді қамтиды
20/3. Орталық қазақстанда кеңінен тараған темір дәуірінің мәдениетін ата
30/1. Екі мәрте кеңес одағының батыры атағын алған  Қазақстандықтарды ата
30/2.  «қазақ» атауы  қай ғасырда  біржолата этникалық  сипатқа ие болды
30/3.  Түрік, Батыс түрік, Тргеш

қағанаттарының билеушілерінің титулы қандай

V.«Жылдар сөйлейді».
1.1991ж.16желтоқсан-Қазақстан Республикасының тәуелсіздік туралы заңының

қабылдануы.
2.1992ж. 2наурызда -Қазақстан Республикасы БҰҰ-на мүше болды.
3.1992ж.7мамырда-Қазақстан Республикасының Қарулы күштері құрылды.
4.1993ж.28қаңтарда-Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды.
5.1993ж.15қарашада-Ұлттық валюта-теңгені енгізді.
6.1994ж.19сәуірде-жаңа парламент өз жұмысын бастады.
7.1995ж.30тамыз-Жаңа Конституция қабылданды.
8.1996ж.6шілдеде-астананы Алматыдан Ақмолаға көшіруге шешім қабылданды.
9.1997ж.10қазан- «Қазақстан-2030».Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауыжарыққа шықты.
10.1997ж. -Жалпы Ұлттық татулық және қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы.
11.1998ж.- Халықтар тұтастығы мен Ұлттық тарих жылы.
12.1999ж.-Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы.
13.2000ж.-Мәдениет жылы.
14.2002ж.-Денсаулық жылы.
15.2003-2005ж.ж.-Ауылды дамыту жылы.

Қорытынды:
«Білімді, сауатты адамдар - ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші»

деген екен Елбасымыз. Бұл сөз әр ұстаз жүрегіне ой салады. Себебі, кез-келген

елдің болашағы жастардың, ұстаздардың біліктілігімен, оның өз шәкіртіне деген

ықыласына көбірек тәуелді. Сондықтан әлемдік стандартқа сай біліммен қаруланып,

еліміздің болашағы үшін қызмет етіп, отанымыздың арқа сүйер азаматы болыңыздар!

 

Просмотров: 1364


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст