Өмірлік негізгі мектебінде өткізілген «Болашаққа
бағдар...» жергілікті форумның есебі
2017-2018 оқу жылының І жартыжылдығында Өмірлік негізгі мектебінде «Болашаққа бағдар...» атты
форум болып өтті. Форумға мектеп ұжымы, ата-аналар, ауыл әкімі аппаратынан келген қонақтар қатысты. Аталған жиында елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша мектебіміздің тәрбие ісі меңгерушісі Кеулімжай М. Қ.таныстылырым көрсетсе , «Латын қарпіне көшу – заман талабы» атты баяндаманы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жетписбаева Г.Ж. оқыды. Ал оқу ісінің меңгерушісі Мықтыбекова З.Қ. «Жаңартылған білім мазмұны»
бойынша таныстырылым көрсетіп, қорғады. Аталған тақырыптар бойынша жеке тоқталар болсақ, Кеулімжай М.Қ. өз таныстырылымында рухани жаңғыру бағдарламасының мақсаты, міндеті және 6 арнайы жобасымен бөлімшелерімен таныстырып осы бағдарламасының мектепте қалай жүзеге асатындығы туралы алдағы жоспармен бөлісті. Екінші баяндамада латын қарпіне көшудің біз үшін тиімділігі мен пайдасын форумға қатысушыларға түсіндіріп, латын қарпін қазірден әрбір адам өзі үйрену керектігі айтылды. Ата-аналарға балаларына үйде үйрету мақстында оларға қазақ тіліндегі латын қарпі жазылған парақшалар таратылды. Жаңартылған білім мазмұны бойынша көрсетілген таныстырылымда білімді игеру барысында оқушылар не үйренеді болашақта қандай
тұлға болатындығы және бұл бағдарламаның мақсаты мен міндеттері ашып айтылды. Сонымен қатар бағдарламаның қалай жүзеге асып жатқандығы, пайдасы мен тиімділігіне тоқталды.
Жалпы форумда қарастырылған тақырыптар бойынша алдағы уақытқа бірнеше міндеттер жүктелген болатын. Енді сол атқарылған жұмыстарға тоқталар болсам: Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында мектебімізде арнайы жоспар құрылып осы жоспар бойынша бірқатар іс-шаралар атқарылды. Атап айтсақ атаулы тақырып бойынша барлық сыныптарда «Мен өз елімнің патриотымын» атты сынып сағаттар, бұл тәрбие сағаты барысында ауылымыздан шыққан ел үшін жанын қиған аталарымыз, өлкеміздің дамуына еңбегін сіңірген тыл жұмысшылары туралы айтып өтілді. Сондай-ақ 8-сынып оқушысы облыстық «Туған жер» шығармалары сырттай байқауы аясында «Туған өлкемнің мақтаныштары» тақырыбында шығарма жазып жұмысы ұсынылды. Тағы да айтып кетер жайт
қараша айымен желтоқсан айында мектебіміздегі Қарсақ Қопабайұлы атындағы -«Тарихи-өлкетану мұражайына» жаңа материалдар жинақтауға байланысты 7-сынып оқушысы Жақсылық Жасұлан ауылымыздың үлкен
кісілерінен ауылымыздағы сайыс руның батыры Қабыл Бостанов туралы мәліметтер қорын жинады. Мұражайда бірнеше рет 6-сыныпта тарих сабағы, 7-сыныпта өлкетану сабағы ұйымдастырылды. Сондай ақ аудандық «Жарқайың тынысы» газетінде «Қарсақ Қопабайұлы» және «Туған өлкеміздің - мақтаныштары» тақырыбында
мақала жарияланды. Ауылымыздың құрметті азаматтарына арналып баннер жасалды. Латын әліпбиіне көшу – заман талабы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің кезекті Жолдауларының бірінде: "Біз алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы кешенді жобаларды жүзеге асыруды табандылықпен жалғастыра береміз. Қазақ алфавитін 2025 жылға қарай латын графикасына көшіруге дайындық жұмысын осы бастан қолға алу қажет. Бұл қазақ
тілін жаңғыртып қана қоймай, оны осы заманға ақпараттың тіліне айналдырады "-деген болатын. Осы мақсатты ұстана отырып, мектепте қоғамдық – гуманитарлық пәндер бірлестігінің жұмыс жоспарына «Латын әліпбиіне көшу»
бойынша жұмыстар кіріктірілді. Қоғамдық – гуманитарлық пәндер бірлестігінің тамыз айындағы №2 отырысында «Латын әліпбиіне көшу мәселесі» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Абишева Ж.Б.
баяндама оқып, пән мұғалімдері тарапынан талқылау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, қоғамдық – гуманитарлық пәндер бірлестігінің апталығында тарих пәнінің мұғалімі Кеулімжай М.Қ. 8-9 сынып
оқушылары арасында «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» атты дебат өткізді.
Дебат барысында қос тарап латын әліпбиіне көшу үрдісі туралы дәйек пен дерекке негізделген пікірлерін білдірді. Дебат соңында жиналған қауым Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты
бағдарламалық мақаласында 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне өту керектігін және болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екенін айтылған тапсырмасының жөн екендігіне көз жеткізді. Мұғалімдер тарапынан сабақ жоспарындағы тілдік мақсаты тұсында өтілетін тақырыптың терминдері латын әліпбиінде жазылып көрсетілуде.
Жаңартылған білім мазмұны бойынша мектебімізде жоспар құрылып, төмендегіндей жұмыстар атқарылды: І жарты жылдық бойынша 1,2,5,7 сыныптарда пәндер мемлекеттік жалпыға бірдей стандартқа сүйеніп, жаңартылған білім мазмұны бойынша жүргізіледі. Барлық оқушылар оқулықтармен, дәптерлермен қамтылған. Сабақ беретін пән мұғалімдерінің 70% пайызы жаңартылған білім мазмұны бойынша курстан өтті. Қалған өтпеген мұғалімдер алдағы уақытқа жоспарлануда.Оқушыларды бағалау критериалды бағалау бойынша жүзеге асып отыр. Күнделікті сабақтарда қалыптастырушы бағалау алынып, бөлім және тоқсан соңынан жиынтық бағалау
бойынша алынған жұмыстар оқушылардың оқу жетістіктерін бағалайтын папкаларына салынып отырады. Ата-аналарға әр жиынтық бағалаудан кейін рубрикалар толтырылып, таратылып келеді. Мектеп үйлестірушісі әр тоқсан соңынан модерация жүргізіп, қорытынды жасап отырады. Оқу ісінің меңгерушісі мен шығармашылық
топтың тарапынан пән мұғалімдеріне әрқашан кәсіби қолдау көрсетіліп тұрады. Оның дәлелін өткізілген коучингттар мен семинарлардан байқауға болады. Мектеп мұғалімдері де тек курспен тоқтап қалмай қажетті smk.kz , bilim.land, sabak.kz, bilimdi.kz сайттарымен жұмыс жасап, сондай-ақ аудан көлемінде өткізіліп жатқан
семинарларға барып, тәжірибе алмасып отырады.
Осы форум бойынша ІІ-жартыжылдыққа мынандай міндеттер қойылды:
Рухани жаңғыру бағдарламасы бойынша:
1.Братолюбовка совхозының директоры Савкенов Саби Жәнібекұлы
туралы толық материал жинақтау.
2. Мектебіміздің үздік ұстазы болған Кадірбай Карин туралы материал жинақтау
3. Кесте бойынша мұражайда тәрбие сағаттарын, география, тарих, қазақ әдебиеті және өлкетану сабақтарын
ұйымдастыру.
4. Аудан мектептеріндегі мұражайларға оқушыларды апарып саяхат жасау.
Латын қарпіне көшу бойынша:
1. Латын әліпбиін тіл сабақтарында қолдану,мектепішілік іс-шаралар өткізу.
2.Мектеп кітапхасында латын әліпбиімен жазылған кітаптар жинақтап бұрыш ашу.
Жаңартылған білім мазмұны бойынша:
1.Курстан өтпеген мұғалімдерді жоспар бойынша курсқа жіберу.
2.Коучингтер мен семинарлар арқылы ұстаздарға кәсіби қолдау көрсетуді жалғастыру.
3.Жаңартылған білім мазмұны бойынша өткізілетін аудандық, облыстық семинарларға қатысу, тәжірибе
алмасу, әдістемелік көмек алу.