Текст
Ағымдағы жылдың 23 қарашасында «Жалпыадамзаттық құндылықтар – бақытты өмір негізі» тақырыбында мектеп оқушыларымен өзін-өзі тану сағаты өтті. Бұл сағатта мәңгілік өзгермейтін құндылықтар туралы оқушылармен әңгіме-пікірталас жүргізілді. Сабақтың мақсаты өзін және қоршаған әлемді танудағы басты құндылықтарды анықтау. Оқушылар сабақ барысында материалдық және рухани-мәдени құндылықтардың ара-жігін ажыратып, олардың әрбіреуінің өміріміздегі рөлін талқылады. Сонымен қатар, олар «Бақытты өмір» ұғымының мәнін ашып, бақытты өмір үшін қажетті факторларды айқындады. Сабақ соңында балалар тілек ағашына өздерінің сабақ жөніндегі пікірлерін және ұсыныстарын жазды.