Текст
Мектебімізде 12-21 қазан аралығында бастауыш сынып бірлестігінің ұйымдастыруымен «Бастауыш – білім бастауы» атты тақырыпта онкүндік өтті. Ұйымдастырушы мұғалімдер: 1-сынып жетекшісі – Абенова Қ.Ш, 2-сынып жетекшісі Сейтжан А.С, 3-сынып жетекшісі – Төлегенова М.М., 4-сынып жетекшісі Бейсембаев К.М. Онкүндіктің ашылуын, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау мақсатында, әр сынып өз оқу кабинеттерінде өткізді. Оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, белсене қатысты.