"Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Далабай ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная срядняя школа села Далабай отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Салт-дәстүрімізді қадірлейік!

26.02.2018

Салт-дәстүрімізді қадірлейік!

Қай заман болсын адамзат алдында тұратын басты міндет – адал, білімді, еңбек сүйгіш ұрпақ тәрбиелеп өсіру. Бұл міндетті

әр халық салт-дәстүріне орай іске асырады. Яғни әр халық ғасырлар бойы сыннан өтіп, сұрыпталған озық салт-дәстүрлерін жас ұрпақты тәрбиелеуде пайдаланған. Салт-дәстүр, әдет-ғұрып атадан балаға қалып отыратын мол мұра. Салт-дәстүрімізді еске түсіріп, жаңғырту мақсатында мен  «Салт-дәстүр – біздің ұлтымыздың көрінісі» атты 5-7 сынып аралығында ашық тәрбие сағатын өткізген болатынмын. Мен қазіргі

уақытта Өмірлік негізгі мектебінде педагогикалық өңдірістік тәжірибені өтудемін. Елбасымыздың  «Рухани жаңғыру –

болашаққа бағдар...» бағдарламасы  аясында  сабағымыз Далабай ауылы Өмірлік негізгі мектебіндегі  Қарсақ

Қопабайұлы атындағы тарихи-өлкетану  мұражайында өтті. Сабақтың мұражайда ұйымдастырылуы оқушылар үшін  қазақ

халқының салт-дәстүрлерін үйреніп, оқуға деген қызығушылығын одан әрі арттыра

түсуге өз септігін тигізді. Жетекшім Күлшайра Жүсіпбекқызы екеуіміз ақылдасып

осы ашық тәрбие сағатын үш сынып аралығында өткізуді шештік. Өсіп келе жатқан

ұрпақ әрқашан қазақ салт-дәстүрлерін қадірлеуі қажет. Сабақ мен үшін де балалар

үшін де қызықты өтті деп санаймын. Бұл менің ең алғашқы ашық тәрбие сағатым

болғандықтан мен бар ынтаммен дайындалдым. Сабақ басталмас бұрын қобалжулы

болғаныммен алайда,  оқушылар келіп бар

сұрақтарға дұрыс жауап беріп, сабақта белсенділік таныта  бастағанда менің бойымда сенімділік ұялады.

Балалар сабаққа өте жақсы ат салысты. Салт-дәстүрлеріміздің түрлерін,

мақал-мәтелдердің жалғастарын қателеспей бірден айтып отырды. Бұндай нәтиже

мені де сабаққа қатысқан мұғалімдерді де бір қуантып қойды.

Просмотров: 528


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст