"Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Далабай ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная срядняя школа села Далабай отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

26.02.2018

Елбасымыздың мақаласындағы   «Атамекен», «Ақпарат толқыны»   бөлімшелері бойынша  Өмірлік негізгі мектебінде төмендегдей іс-шаралар атқарылды.  Атап айтсақ  1-9 сыныптарда  «Салт дәстүрге байланысты»  тақырыптық сағаттар  ұйымдастырылсы.  Сонымен қатар осы бағдарлама аясында мектебімізде арнайы мұражайда өткізілетін іс-шаралар және ашық сабақтар кестесі құрылып, қазіргі таңда кесте бойынша  шаралар жүзеге асырылуыда.  Сондай іс-шаралардың бірін 6-сынып жетекшісі  Альмуханбетова К.Ж және ағылшын тілі пәні мұғалімі  Нағызқанова Б.М   5-7 сынып оқушыларымен  «Салт дәстүріміз ұлтымыздың көрінісі»   тақырыбында ұйымдастырды.  Іс-шара барысында  оқушылар халқымыздың барлық салт-дәстүрлерінен 

хабардар болып, тіпті ұмтылып бара жатқан дәстүрлермізді  қайта жаңғыртты десек қателеспейміз.  Сонымен қатар Бейсембаев  Қ.М және Абенова Қ.Ш  ұйымдастыруымен мұражайда 1-2 сынып оқушыларымен  «Ауылым

– алтын бесігім»  тақырыбында іс-шара ұйымдастырды.  Мұндағы мақсат  оқушылардың бойына ауылымыздың тарихын қазірден бастап сіңіріп, өлкесіне деген сүйіспеншілік қалыптастыру. Жалпы

іс-шара барысында  ұйымдастырушылар  оқушыларды ауыл тарихымен таныстырып, сурет

салғызып т.б  тапсырмалар орындады, қорытындысында оқушылар ауылымыздың тарихынан хабардар болып  түсінік қалыптасты.    Ал «Ақпарат толқыны»  бөлімшесі бойынша атқарылған іс-шараға келер

болсақ 4-9  сынып оқушылары аралығында «Құқықбұзушылықтың алдын алу», «Жасөспірім және заң»  тақырыптарында құқық пәні мұғалімі Кеулімжай М.Қ  және мектеп психологы Курмантаева А.И   дөңгелек үстел ұйымдастырды.  Дөңгелек үстел барысында  оқушылардың құқықтарымен, міндеттерімен таныстырылып.

«Әкімшілік құқық»,  «Әкімшілік жаза»  сөздеріне анықтама берілді.  Сонымен қатар мектебіміздің  8-сынып оқушыларымен  түсірілген  «Құқықтық сауаттылыққа»  байланысты бейнеролигі оқушыларға  көрсетіліп талқыланды  және  оларға да бейнеролик жасау тапсырмасы берілді. Ал дөңгелек үстел барысында оқушылардың психологиялық ахуалы жақсартып сергітіп тұру мақсатында мектеп психологы Курмантаева А.И  бірқатар тренингтер өткізді.  Жалпы дөңгелек үстел барысында  оқушылар өздерін жақсы сезініп  құқықтық сауаттылығын арттырып пайдалы

ақпараттар ала алды.

Просмотров: 489


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст