Текст
Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 1-8 cынып оқушыларымен Алғыс айту күніне орай "Алғыс айту парызым" тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға "сыйластық" құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, ризашылық, рақмет, алғыс туралы түсінік беру. Үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту. Әдептілікке, ізеттілікке тәрбиелеу.