"Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Далабай ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная срядняя школа села Далабай отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жұмыспен қамту саласында ауданда 2017-2021 жылдарға арналған оң Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту Бағдарламасын іске асыру жалғасуда.

24.02.2020

Жұмыспен қамту саласында ауданда 2017-2021 жылдарға арналған оң Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту Бағдарламасын іске асыру жалғасуда. Еңбек нарығын дамытуға 40,6 млн.теңге бөлінді. Нәтижесінде 594 жаңа жұмыс орны құрылды,оның ішінде 340-ы ауылдық жерлерде. Өткен кезеңде Жұмыспен қамту шараларымен жоспар бойынша 866 адам қамтылды-968 адам; - "Бастау-Бизнес" жобасы бойынша 120 адам оқытылды.); - Бағдарламаның екінші бағыты аясында жалпы сомасы 84,9 млн. теңгеге 21 адам несие алды; - атаулы әлеуметтік көмек 268 отбасына (1207 адам) 116,8 млн. теңге сомасында төленді; - тұрғын үй көмегі 2 отбасына 114,1 мың теңге сомасында көрсетілді. - 17 көп балалы отбасы жаңа пәтер алды, оның ішінде 4-і Тасөткел ауылында демеуші есебінен, 13-і мемлекеттік тұрғын үй қорынан. Ресми тіркелген жұмыссыздық деңгейі 5% құрайды (65 жұмыссыз есепте тұр). АӘК көрсетудің жаңа тетігін енгізумен ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап АӘК әлеуетті алушылардың 66 отбасы (оларда 321 адам) анықталып, оларға 28,7 млн.теңге бағытталатын болады. 193 бала кепілді әлеуметтік пакеттермен қамтамасыз етіледі, бұл мақсатқа 3,3 млн. теңге қарастырылған. Сонымен қатар, 116 көп балалы отбасы (онда 512 бала) ай сайын мемлекеттік жәрдемақы алатын болады. Бұл мақсатқа 62 млн. теңгеден астам қаражат қарастырылған.

Просмотров: 1108


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст