Текст
9 мамыр – Жеңіс Күні – ең қымбатты, қуанышты да қайғылы, мәртебелі мейрам, халқымыздың ерлігі мен даңқының жарқын көрінісі болып табылады.
Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен елордамыздың гүлденуі де – осынау мерекенің жемісі.
9-мамыр күні Жеңіс күніне орай мектеп оқушылары, ұстаздар және ауыл тұрғындары Ұлы Отан соғысының батырларына арналған ескертіш алдында салтанатты сап түзеп, ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Салтанатты жиын ауыл әкімі Султанов С.К. құттықтау сөзінен басталып, оқушылар қойған шағын концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.