"Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Далабай ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная срядняя школа села Далабай отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қысқы демалыстың ұйымдастырылуы

11.01.2020

Жаңа жылды қарсы алып болған соң оқушылардың асыға күтетін демалыстарының бірі  ол – қысқы демалыс.  Өмірлік негізгі мектебінде қысқы демалысқа байланысты оқушылар арнайы қауіпсіздік ережелерімен  таныстырылып  сонымен қатар  қысқы демалыста өткізілетін іс-шаралармен де таныстырылып өтті.   Осыған орай оқушылар жоспар бойынша іс-шараларға қатысты. Атап айтсақ  5-қаңтар күні  тоғызқұмалақ үйірмесінің жетекшісі Мықтыбекова З.Қ. 3-4 сыныптар арасында тоғызқұмалақ ойынын өткізді. 7-9 сыныптар арасында физика пәнінің мұғалімі «Үздік физик» жарысын ұйымдастырды.  6-қаңтар күні Бейсембаев Қанат Мұратұлы бастауыш сыныптарда «Логика әлемі» атты математика пәніне арналған іс-шара жүргізді. 5-9 сыныптар арасында  орыс тілі пәнінің мұғалімі Алмуханбетова Кульшайра Жусупбекқызы  «Полечудес» ойынын  өткізді.       

 8-қаңтар күні мектебімізде  «Шаңғы шақырады»  айлығының ашылуы болып оған мектеп әкімшілігі, ұстаздар және оқушылар  қатысты.  Ашылу салтанаты біткен соң оқушылар далаға шығып белгілі қашықтықта шаңғымен  жарысты.    Осылайша қысқы демалыс   денсаулықты шынықтыратын спорттық іс-шараларға толы болды

Просмотров: 473


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст