Міне,биыл алтындай қымбатты,білім мен тәрбиенің ошағына айналған білім ордамызға 65 жыл! Бұл-үлкен қуаныш, зор мәртебе!Сонымен қатар үлкен жауапкершілікті қажет ететін іс болып табылады. Осы атаулы күнге орай 11 қараша күні мектебімізде аудандық семинар өткізілді. Семинарға мектеп директорлары мен аудандық білім бөлімінің әдіскерлері қонақ ретінде келіп, мектебімізге деген жүрекжарды тілектерін арнады. Мектеп түлектері мен ардагер ұстаздар мектеп өмірінен естелік әңгімелері мен қызықты оқиғаларды айтып, ой бөлісті. Ал мектеп оқушылары мен ұстаздары келген қонақтарға концерт қойып, жезтаңдай әншілеріміз өздерінің әсем әндерін арнады. Мың бұралған биші қыздарымыз бен сері жігіттеріміз биден шашу шашты. Сондай- ақ мектеп тарихынан көрме ұйымдастырылып, бейнефильмдер көрсетілді.