Текст
Өткен аптада ауданымызда мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілері арасында "Бақытты балалық шақ" атты конкурс өтілді. Аталмыш конкурсқа мектебіміздің даярлық сынып оқушылары Айтқали Жанерке мен Көшкімбай Хангелді қатысып өз өнерлерін көрсетті. Хангелді "Тұлпарым" әнін орындаса, Жанерке көркем сөз оқып, өз номинацияларында мақтау қағазы мен сыйлыққа ие болды. Мектеп ұжымы атынан даярлық сынып мұғалімі Бейсембаева М.Қ. алғыс білдіреміз.