“Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз”, деп Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай мектебіміздің оқушылары осы даналық ойды жадынымыздан шығармаймыз. Мектебіміздің мұғалімдері өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүрген асыл жандар. Ұстаздарымызға деген алғыстарын жеткізу мақсатында 9 сынып оқушылары 3 қазан күні мерекелік іс шара өткізді. Бұл күн ерекше өтті. Таңертеңнен мектеп оқушылары сүйікті ұстаздарын жылы лебізбен қарсы алып, құттықтау жиыны өткізілді. Сонымен қатар, мұғалімдерге арналған воллейбол ойыны ұйымдастырылды. Бізге қолдау көрсетіп, белсенділікпен атсалысқан мұғалімдерге алғысымызды білдіреміз. Мерекелік күніміз мектеп оқушыларының қатысуымен өткізілген концертпен жалғасын тапты. Әр оқушы ардақты ұстаздарына арнап өлең, ән, би билеп және тамаша, әзілдер қойды.
Біз өзіміздің аяулы ұстаздарымызға қажымас қайрат, жұмыстарыңызға толайғай табыстар тілейміз. Болашақта сіздердің үміттеріңізді ақтауға уәде береміз.