Текст
Қазіргі таңда еліміздегі ең маңызды мәселе латын әліпбиі екендігі белгілі. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Алдашев Сәкен Қожаниязұлы «Латын графикасы-болашаққа бағдар» атты конференция өткізді. Конференцияға 7-9 сынып оқушылары беленді қатысты. Оқушылар екі команда болып, латын тіліне байланысты өз ойларын ортаға сала отырып, пікірталас жүргізді. Командалар айтылған пікірлерін дәлелді түрде қорғай алу үшін өз жұмыстарын презентация арқылы қорғады. Келесі кезекте екі команда бір-бірлеріне сұрақ қою кезеңі болды. Оқушылардың қойылған сұраққа тыңғылықты, дәлелмен жауап бергендеріне қарап, олардың бұл конференцияға аса қызығушылықпен қатысқандарын, сондай-ақ елімізде болып жатқан елеулі өзгерістерге бей-жай қарамайтындығын байқадық.