Соңғы қоңырауға арналған салтанатты жиын «Қош бол, сүйікті мектебім» атты тақырыппен өтті. Салтанатты жиынға аудандың Білім Бөлімінің «Дене шынықтыру және спорт» бөлімінің әдіскері Тасмағанбетов Серік Жаркеевич, «Тілдер дамыту» орталығының директоры Абдыгалиев Аскербек Сейдалыұлы және мектептің ардагер ұстаздары, демеушілер, құрметті қонақтар қатарында келіп отырған мектеп түлектері қатысты. Келген қонақтар және мектебіміздің директоры құттықтау сөзін жолдады. Мектеп директоры оқу озаттары мен жеткен жетістіктеріне байланысты мұғалімдерге мақтау қағаздарын табыстады. 9-сыныптың алғашқы ұстаздары Курмангожина Улмекен Ахметовна тілегін білдіріп, арнайы сыйлықтарын табыс етті. Сонымен қатар 9 – сынып оқушыларының ата – аналары ортаға шығып, сөз сөйлеп, жылы лебіздерін білдірді. 9 -сынып оқушылары мектеп қабырғасындағы соңғы өлең жолдарын айтып, билерін биледі.