Текст
Мектепте бүгін сенбілік өткізілді, 5 сыныптан 9 сыныпқа дейін оқушылар және мектептің барлық қызметкерлері қатысты. Сенбілікті өткізу үшін аумақты тазарту іс-шаралар жоспары құрылды. Әр сыныпқа жауапты мұғалімдермен белгілі бір участік бекітілді, сенбілік жұмыстары кезінде қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық өткізілді. Қажетті құралдармен жабдықталған балалар мен мұғалімдер қуана-қуана мектеп аумағын тазартты: қоқыстарды жинады, өткен жылғы жапырақтар мен шөптерді жинады. Ортақ күшпен бір сағат ішінде мектеп аумағы тазарып, әдемі болып шықты. Біздің мектептегі сенбілік – бұл аумақты тазарту және көріктендіру ғана емес, сонымен қатар бұл мұғалімдер мен оқушылардын ұжымдарын ұйымшыл етуге тамаша мүмкіндік.