"Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Далабай ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная срядняя школа села Далабай отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз

09.04.2019

Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ

Қазіргі таңда тәуелсіздік алған мемлекетімізде зорлық-зомбылыққа жол жоқ. Оның етек алуы отбасынан басталады. Отбасындағы салауаттылық-өркениетті қоғамның талабы, өйткені ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрлер мен мұраттар көбінесе отбасында дамып, қалыптасады. Балалар-еліміздің болашағы. Тек балалар үйінің тәрбиеленушілері ғана емес, қарапайым отбасы балаларыда зорлық көруде. Барша адамның жауына айналған алкоголь ішімдіктері көптеген адамдарға зардабын шектіруде. Ішімдікке масайған ата-ана, балаларын қараусыз қалдырып, оларға қол жұмсап, тағдырдың тәлкегіне салуда. Ал, өмір есігін аша сала далада қалатынына не дерсіз?! Қазірде Қазақстанда көптеген аналар жаңа туылған сәбилерін дала тастап кетуде. Әрине, өз құрсағынан шыққан баланы далада қалдырып, өз болашағына, баланың болашағына балта шабады. Ананың бесік жырынан басталатын қарым-қатынасы, іс-әрекет, әдет-ғұрып, салт-дәстүр осылардың бәрі адамның дүниетанымын, сана-сезімін, мінез-қалыптастыратын тәлімдік мұра.

Осыған байланысты мектебімізде оқушылардың қысқы демалыстарын ұйымдастыру мақсатында бастауыш сынып оқушыларымен «Зорлық зомбылыққа қарсымыз» атты іс шара ұйымдастырылды. Іс шара барысында оқушылар зорлық-зомбылық туралы өз ойларын айтып әрі қарай білімдерін жетілдірді. Сонымен қатар оқушыларға зорлық-қомбылықтың түрлері таныстырылып, зорлық-қомбылықтан қалай сақтануға боланыты туралы мәлімет берілді. Бейнежазбалар мен жағдаятты сұрақтар беріліп, тапсырмалар орындатылды.

«Тәрбиесіздік-ол адамзаттың қас жауы,тәрбиесіз берілген білім келешекте адам өміріне апат әкеледі» деген болатын ұлы бабаыиз Әбу насыр әл Фараби.Балалар құқығын қорғау-егемен еліміздің асты құндылықтарының бірі.Сол үшін өскелең ұрпақтың дұрыс тәрбие алып,қоғамдағы құқықтарының сақталу жолында аянбай еңбек етуі керек.Балаларға қамқорлық жасау,баланың абыройы мен құқықтарын құрметтеу-бұл тек мемлекеттің ғана емес,соынмен қатар жекелеген әрбір адамның міндеті...

 

Өмірлік негізгі мектебінің психологі: Курмантаева А.И.

Просмотров: 531


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст