Текст
2021 жылдың 2 қараша күні 8-сынып оқушылары үшін ауыл мектептеріне арналған «IQanat» пәндік олимпиадасының аудандық кезеңі болып өтті.«IQanat» олимпиадасының негізгі мақсаты: ауыл оқушылары арасынан дарынды оқушыны анықтау, ауыл оқушыларының шығармашылық, танымдық, зияткерлік бастамаларын жандандыру, пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру және шет мемлекеттер мен Қазақстан Республикасындағы жоғары оқу орындарының грант иегерлері атануына қолдау көрсету.