"Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Далабай ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная срядняя школа села Далабай отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Күзгі асар" жәрмеңкесі

19.09.2025

"Күзгі асар жәрмеңкесі" – береке мен бірліктің бастауы

Биыл мектебімізде "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында "Күзгі асар жәрмеңкесі" ұйымдастырылды. Бұл шараның басты мақсаты – оқушылардың бойына еңбексүйгіштік, мейірімділік, ұйымшылдық және ізгілік қасиеттерін дарыту.

Жәрмеңкеге мектептің барлық сыныптары белсене атсалысып, әрқайсысы өз қолдарынан шыққан тағамдар мен қолөнер бұйымдарын ұсынды. Алма, жүзім, көкөністерден жасалған тағамдар мен ұлттық тәттілер көрмеге ерекше сән берді. Жәрмеңке алаңында көтеріңкі көңіл-күй орнап, оқушылар өз еңбектерін көпшілікке таныстыру арқылы еңбек пен адалдықтың қадірін сезінді.

"Күзгі асар жәрмеңкесі" арқылы жиналған қаражат игі істерге, яғни мектептегі әлеуметтік қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек көрсетуге жұмсалады. Бұл – бір жағынан оқушыларды қайырымдылыққа баулу, екінші жағынан жауапкершілікке тәрбиелеу шарасы болды.

Осындай іс-шаралар жас ұрпақты адалдыққа, ізгілікке, татулыққа баулып қана қоймай, мектеп ұжымының бірлігін нығайтып, береке-бірліктің жарқын үлгісін көрсетті.

Просмотров: 374


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст