Текст
Ұлы Жеңістің 80-жылдығына орай «АЛЖИР: азап пен тағдыр мекені» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Шара барысында оқушылар АЛЖИР лагері туралы тарихи мәліметтермен танысып, қуғын-сүргінге ұшыраған аналардың ауыр тағдыры жайлы деректерді тыңдады.
«Халық жауының» жары атанғаны үшін кінәсіз жапа шеккен әйелдердің өмірі оқушылардың жүрегіне терең әсер етті. Бұл – тарихтың қасіретті беттері. Оқушылар деректі фильм көріп, көрініс қойып, сол кезеңдегі жағдайды терең сезінуге тырысты.