Текст
Мектебімізде "Шын жүректен кітап сыйла" челленджі ұйымдастырылды. Бұл шараның мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітапхана қорын толықтыру және мектеп қауымдастығы арасында ізгілік пен жанашырлықты насихаттау.
Челлендж аясында оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар өздері оқып, ұнаған немесе басқаларға пайдалы болады деп санаған кітаптарын мектеп кітапханасына сыйға тартты. Әрбір сыйға берілген кітаптың ішкі бетіне оның иесі өз тілегін қалдырып, ізгі ниетін білдірді.
Шараға белсенді қатысқан оқушылар мен мұғалімдер алғыс хаттармен марапатталды. Сонымен қатар, челлендж барысында кітаптар көрмесі ұйымдастырылып, оқушылар бір-біріне ұсынған кітаптары туралы ой бөлісті.