Бүгінгі таңда оқушылардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастырып олардың зиянды әрекеттерден аулақ болып, өздерін шығармашылық, спорттық т.б қырынан дамытуда үйірме жұмыстарының маңызы өте зор. Осындай мақсатта Өмірлік негізгі мектебінде би үйірмесі, жас суретші, мүсіндеу, шағын футбол, тоғызқұмалақ, баскетбол, волейбол үйірмелері жұмыс жасайды. Әр үйірменің жетекшілері уақытылы үйірмелерін өткізіп және тоқсан бойынша есеп беріп отырады. Сонымен қатар үйірме жетекшілері өздерінің бағыттары бойынша балаларды аудандық сайыстарға дайындайды. Кез келген жұмыстың қалай атқарылғанын біз әрине оның нәтижесінен байқай аламыз. Сондықтан мектептегі үйірме жетекшілері оқушыларымыздың жетістікке жетіп мектебіміздің мерейін өсіру жолында аянбай қызмет етеді. Олай деп айтуға толықтай негіз бар, себебі оқушыларымыз қандай сайысқа қатысса да жүлделі орындарға ие болып жүргені баршаға аян. Атап айтар болсақ футбол үйірмесінің жұмысына қарар болсақ біздің команда негізгі мектептер арасында 1-орынды қанжығаларына байласа, ал тоғызқұмалақ үйірмесіне қатысушылар аудандық сайысқа қатысып топтық сайыста 1-орынға ие болды, ал би үйірмесінің өатысушылары мектебіміздің кез келген мерекесінде би ұйымдастырып өздерінің әсем өнерімен баршаны таңқалдырудан шаршамай келеді, сондай ақ би үйірмесінің қатысушылары «Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына» арналған аудандық флешмоб сайысына қатысып мақтау қағазына ие болған болатын. Ал жас суретші үйірмесінің қатысушылары облыстық және аудандық сурет сайыстарына қатысып нәтижесінде 5-сынып оқушысы Сатыбалдина Дильназ облыстық «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» тақырыбы бойынша үздік сурет байқауында 3-орынды иеленіп Қ.Р Мемлектеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Б.Беспалиновтың мадақтау қағазымен марапатталды. Осы жерде тағы бір айта кететін жайт, бұл біздің мектептің әншілері. Мектебіміздегі «Өмірлік дауысы» дуэті және Сыздыков Алмат сынды өнерпаздарымыз аудан көлеміндегі концерттерде де өнер көрсетіп жүргені баршаға аян. Ал олар ән айту бойынша қандай сайысқа қатысса да орынсыз келмейді. Атап айтар болсақ биылғы жылдың өзінде оқушыларымыз аудандық «Песня без границ» ән байқауына қатысып Сыздыков Алмат жеке әнші ретінде 2-орынды иеленсе, «Өмірлік дауысы» дуэті 1-орынды иеленді. Ал «Фариза, Фаризажан, Фариза қыз» сайысында ән бөлімі бойынша Сыздыков Алмат тағы да жүлделі екінші орынды иеленді. Осындай жемісті жұмыс атқарып отырған үйірме жетекшілері Сыздыков С.Ш, Амангельдин Е.Ж, Мықтыбекова З.Қ, Байшин Қ.Т, Төлегенова М.М үлкен алғысымызды білдіреміз.