"Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Далабай ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная срядняя школа села Далабай отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жырлайды жүрек» әдеби кеші

07.02.2017

Кештің мақсаты: Ғасырлар тоғысында М. Мақатаевтың ақындық

талантын оқушы жүрегіне ұялату, олардың өнерге деген сүйіспеншілігін

қалыптастыру

Тәрбиелілік: Оқушыларды поэзияны сүюге, ақын жырларын, әндерін айта отырып, өз

елін, ұлтын сүюге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Мәнерлеп оқу қабілетімен рухани танымдарын дамыту.
                                                            

Барысы:

Видео ( Пай, пай, өмір! Өтесің – ау бір күні...)

1 - жүргізуші:

Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам, жұртым, елеңдестің.

Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім.

 

2-жүргізуші: Армысыздар,

қадірлі ұстаздар мен қымбатты оқушылар! Жыл керуені алға жылжыған сайын

Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы, жарық жұлдыздың қараңғы түн

қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырай, өркендей өсіп, айшықтала түсуде.

Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар халық-шынымен бақытты халық.

1-жүргізуші: Иә, Мұқағали-

ғажайып, ақиық, сыршыл, гуманист ақын. Ол-бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан,

бізге естілмейтін құпия дауыстардан толы алатын жұмбақ ақын. Ақын өлеңдерін

оқыған сайын ақиқат бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды.

2-жүргізуші: Қымбатты

ұстаздар, қонақтар, оқушылар! Ақиық ақынның шығармашылығына арналған «Жырлайды

жүрек» атты әдеби-сазды кешімізді бастаймыз.

Просмотров: 469

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст