Жаратылыстану апталығының ашылуы(көрініс)
Жүргізуші:Ерте-ерте ертеде жаратылыстану
патшалығы өмір сүріпті. Патшаның үш ұлы, ай десе ауызы,күн десе көзі бар асқан
сұлу қызы болыпты. Ұлдарының біреуі биолог, екіншісі геогроф, үшіншісі химик
екен. Бір күні патшаның қызы қатты сырқаттанып қалыпты.
Ханшайым:Хан ием қызымыз
ауырып қалды, оның ауыруы күннен күнге ушығып барады. Не істейміз? Бір амалын
табыңыз.
Патша:шақырыңдар тәуіпті.
Емші:Хан ием қызыңыздың
хәлі өте нашар. Оның жүрегі ауырады, сондықтан жүрек талма ауруына шалдыққан.
Патша:Ұлдарым арттарыңнан ерген жалғыз қарындастарыңның
жағдайын естіп отырсыңдар. Ендеше емін таппайынша елге оралмаңдар.
Биолог: Жүрек талма ауруна
дермене – асыл шөбі қажет. Оның бойы 50см-ге дейін өсетін жартылай бұталы,
көпжылдық өсімдік. Өте улы өсімдік. Әсіресе, гүл жармай тұрғанда жинап алу
керек.Дермене жусанның бір түрі. Халық медицинасында оны жүрек талмасы бар
науқастарға пайдалану керек.
Геогроф:Мен дермене
өсімдігінің географиялық орнын анықтадым.
Ол Оңт. Қазақстанда, Арыс, Түркістан
аймағында жиі өседі. Сол сияқты Азияда, Тәжікстанда көп кездеседі. Тапсақ сол
жерден табамыз.
Химик:Ия дермене өсімдігінің жапырағында 7% жуық сантонин,
1,5-3% эфир майы болады. Мен бұл
өсімдіктен тұнба жасап қарындасымызды емдеп аламыз.
Патша:Ұлдарым міне
біреуін дермене өсімдігін дәріге жарайтының, екіншін географиялық орның, оның химиялық құрамын
анықтап дәрі жасап емдедіңдер. Енді жаратылыстану ғылымының салаларын дамытатын
сендерсіңдер. Өздеріңнің білімдеріңді осы аптада көрсете біліңдер және мына
барша тұрған балаларды білімге шақырыңдар.
Жүргізуші:
Жанды жансыз денелер табиғатта кәдімгі,
Қайдан пайда болды деп ойландырған әркімді.
Бұл сауалдың жауабын зерттеп тапқан данышпан,
Біз білеміз кітаптан ғалым Чарльз Дарвинді.
Жаратылыс ғылымы жұмбағы көп әлі де,
Білуге оны құштарлық жетелейді әріден.
Жаратылыстану саласы: география, химия,
Биология ілімі қамтиды соның бәрін де.
Басталмақшы онкүндік жаратылыстану пәнінен,
Қолөнер, сайыс, көрмесітағы басқа сәнімен.
Қатысыңдар балалар құлшыныспен ниет қып,
Талаптыға нұр жауар оза шапқан бәрінен.