22 ақпан мен 3 наурыз аралығында мектебімізде Жаратылыстану әдістемелік бірлестігінің апталығы өтілді. Апталық аясында география пәнінің мұғалімі Алмуханбетова К.Ж. «Солтүстік Америка сулары» ашық сабағын, «Әлемді бірге шарлайық» шоу- сайысын өткізді. Информатика пәнінің мұғалімі Альммухамбетова А.Т. смектеп мұғалімдері мен оқушылары арасында "Не? Қайда? Қашан?" атты зияткерлік сайыс, 5 сынып оқушыларымен "Мәтінді пішімдеу. Қаріп» атты ашық сабақ өткізді. Ашық сабақ жоғары деңгейде өтті. 24 ақпан күні биология пәнінің мұғалімі Рашева Г.Н. 7 сынып оқушыларымен «Қос мекенділер көптүрлілігі» ашық сабағын және 6-9 сынып оқушылары арасында " Білгір биолог" атты сыныптан тыс іс - шара өткізді. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Амангельдин Е.Ж. 9 сыныпта "Арқанға үш тәсілмен өрмелеу" атты ашық сабақ, 5-9 сынып оқушылары арасында шағын футболдан жарыс ұйымдастырды. Аталмыш жарыста 8 сынып оқушылар жеңіске жетіп, марапаттау қағазына ие болды. Физика - математика пәнінің мұғалімі Амиргазина Т.М. 7 сыныпта "Аимосфералық қысым" атты ашық сабақ өткізді. "ЭКСПО- 2017" тақырыбында суреттер көрмесі ұйымдастырылды. Жалпы онкүндік қызықты өтті. Оқушылар барлық іс - шараларға белсене ат салысты.