9 қыркүйек күні
мектебімізде «Денсаулық» күніне орай
мерекелік іс-шара өткізілді. Сағат 9:00
– де мектеп алаңында барлық мұғалімдер және оқушылардың қатысуымен жиынның
ашылуы болды. Ауыл әкімі Ж.Қадіров, мектеп директоры Т.Амиргазина, тәрбие
ісінің орынбасары М.Кеулімжай құттықтау сөз сөйлеп, ҚР мемлекеттік гимні
орындалды.
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері өтетін
жарыстардың жоспарымен таныстырды.
Қыз балалар
арасында 500м жүгіру, бастауыш сынып ер балалары арасында 800м, 5-9 сынып ұл
балалары арасында 2000м, мұғалімдер 1600м қашықтықтарға жүгірді. Сонымен қатар
ер балалар мен ер мұғалімдер арасында шағын футбол жарысы өткізілді. Жарыстың
мақсаты орта буын мектеп оқушыларына салауатты өмір салтын негіздеу. Жарыстың
барысында жүлделі орындарға ие болған оқушылар:
3-орын Майлан Перизат, 2-орын Тлесова
Сабина, 1-орын Құрмантаева Дильназ. Ер балалар арасында 3-орын Вислапу Роман,
2-орын Топалов Кенжебек, 1-орын Шуеншалин Алишер. Бастауыш сынып ер балалары
арасында 3-орын Шуеншалин Абзал, 2-орын Нұрғали Даулет, 1-орын Кенжебаев
Ерқанат.
Шағын
футбол жарысында 3-орын 6-8 сынып
ер балалары, 2-орын ер мұғалімдер,
3-орын 7-9 сынып ер балалары жеңіп алды.
Жиын соңында барлық жүлделі орындарды тәрбие ісінің меңгерушісі М.Кеулімжай мадақтама
қағаздарымен марапаттады.
Алдағы уақытта спорттық іс-шара өз жалғасын
таппақ. Мектебіміздің оқушыларына спорттық сайыстарда жеңіс тілейміз.