"Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Далабай ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная срядняя школа села Далабай отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

МӘҢГІЛІК ЕЛІМНІҢ – МӘҢГІЛІК ТІЛІ

06.10.2017

МӘҢГІЛІК ЕЛІМНІҢ – МӘҢГІЛІК ТІЛІ

 

          11-22 қыркүйек аралығында Өмірлік

негізгі мектебінде «Мәңгілік елімнің – мәңгілік тілі» тақырыбында Қазақстан

Республикасының тілдер онкүндігі өткізілді. Мәңгілік Елдің тамыры ұлт тарихында, ұлттың тілі мен ділінде.           

        «Келешекке

кемел біліммен» - деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев ұстаным еткендей, келешекке терең

біліммен қадам басып, әлемдік білім кеңістігінің құпияларына үңіліп, қоғамға

бейім, өз қабілетін таныта алатын, жан-жақты дамыған, бірнеше тілді меңгерген

құзіретті тұлғаны қалыптастыру басты мақсаттардың бірі. Елбасының үштұғырлы

саясаты  аясында шетел тілін үйрену, оның қолданыс аясын кеңейту бүгінде

кезек күттірмейтін өзекті де, келелі мәселелердің бірі болып отыр. «Өзге тілдің

бәрін біл, өз тіліңді құрметте» - дегендей, өз тілінде еркін сөйлеп, өз тілін

құрметтейтін тұлғаны баулысақ, өзге тілді қадірлейтін тұлғаны баулитынымызға

көз жеткіземіз.

         

Осындай мақсатты негізге ала отырып, тілдер онкүндігі «Мәңгілік елімнің

– мәңгілік тілі» тақырыбында салтанатты ашылу рәсімімен басталды.  Мектеп  кітапханашысы Есхожина Г. «Қазақ тілі –

тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз», «Тіл – әр халықтың байлығы»  атты кітап көрмелерін ұйымдастырды. Орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Алмуханбетова К.Ж.

4-6 сынып оқушылары арасында «Маленькие занатоки языков» танымдық ойынын

өткізді. Аталған танымдық ойын жоғары деңгейде өткізілді. Сонымен қатар,

5-9 сынып оқушылары арасында  «Үш тұғырлы

тіл – жарқын болашақ кепілі» тақырыбында интеллектуалды ойыны өткізілді. Ойын

барысында оқушылар үш тілде өз білімдерін жан – жақты көрсете алды. «Мемлекеттік

тіл – елімнің ертеңі» тақырыбында сынып сағаттары өтіп,  оқушылар мемлекеттік тілдің  болашағы жайында ой қозғап, шығармашылық

жұмыстарын орындады. Тілдер онкүндігінің жабылу салтанатында  Сыздыков С.Ш. 1-8 сынып оқушылары арасында «Достық

әні» атты  байқауын өткізді. Мектеп

оқушылары әр түрлі тілде әндер орындап, жеңімпаздар анықталды.

Өмірлік негізгі мектебінің

   қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

   Абишева Ж.Б.

Просмотров: 420


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст