"Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Далабай ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная срядняя школа села Далабай отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Өмірлік негізгі мектебінің Қазақстан Республикасы халқының тілдері күніне арналған іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпарат

06.10.2017

          Аудандық білім бөлімінің  Қазақстан Республикасы халқының тілдері күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес мектепішілік жоспар жасалды. Жоспарға сәйкес іс-шаралар белгіленген күндерінде өтіп жатыр. 11

қыркүйек күні тілдер онкүндігінің ашылу салтанаты  «Мәңгілік елімнің – мәңгілік тілі» тақырыбында ұйымдастырылды. Онкүндіктің ашылу рәсіміне бастауыш пен орта, жоғары буын оқушылары қатысып, өздерінің өнерлерін көрсетті.

        Тілдер күнінен арналған онкүндікке мектеп  кітапханашысының «Қазақ тілі – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз», «Тіл – әр халықтың байлығы»  атты кітап көрмелерін ұйымдастыруымен

басталды. 12 қыркүйек күні 5-9 сынып оқушылары арасында «Тіл ұлттық құндылық» атты шығармалар сайысы өткізілді.  13 қыркүйек күні  қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі бастауыш сынып оқушылары арасында «Бала тілі – бал» мәнерлеп оқу байқауын өткізді. Кішкентай бүлдіршіндер өз өнерлерін барынша көрсете білді.  14 қыркүйек орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Алмуханбетова К.Ж. 4-6 сынып оқушылары

арасында «Маленькие занатоки языков» танымдық ойынын өткізді. Аталған танымдық

ойын жоғары деңгейде өткізілді.  Апталық «Әлем ұлттарының ойындары» атты спорттық жарысымен жалғасын тапты. Бұл спорттық жарыста оқушылар  қазақ халқының ұлттық ойындарымен қатар  өзге ұлттардың да

ойындарын ойнады.  

      Сонымен қатар, бейнелеу пәнінің мұғалімі Байшин Қ.Т. «Бір шаңырақ астында» тақырыбында  сурет көрмесін ұйымдастырды.  Қыркүйектің 16 күні  «Мемлекеттік тіл – елімнің ертеңі» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Сынып сағаттарында оқушылар мемлекеттік тілдің ертеңі мен болашағы жайында ой қозғап, шығармашылық жұмыстарын орындады. 18 қыркүйек күні 7-9 сынып оқушылары арасында «Үш тұғырлы тіл – жарқын болашақ

кепілі» тақырыбында интеллектуалды ойыны өткізілді. Ойын барысында оқушылар үш тілде өз білімдерін жан – жақты көрсете алды. 19 қыркүйек күні «Тіл келісім мен достықтың негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. 21 қыркүйек күні орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Алмуханбетова К.Ж. 5 -7 сынып оқушылары арасында

«Керегесі кең байтақ елім» атты викторина өткізді. Викторинаға оқушылар белсенді қатысып, өз білімдерін жан – жақты көрсете алды. Ал тілдер онкүндігінің жабылуы күнінде 1 -9 сынып оқушылар арасында «Би фестивалі» және

«Достық әні» атты әндер байқауы ұйымдастырылып, жеңімпаздар анықталып, марапаттау рәсімі өткізілді.

 

 

 

                     

ӘБ жетекшісі:                             Ж. Абишева

Просмотров: 430


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст