"Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Далабай ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная срядняя школа села Далабай отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Күз – береке, күз – мереке!

20.10.2017

Күз – береке, күз – мереке!


        Табиғат жаратылысы өзіне тән жыл он екі ай төрт мезгілмен ұштасады. Әр мезгіл өз сұлулығымен таңдай қақтырарлықтай. Мысалы қыс- мамықтай жұмсақ, кіршіксіз таза көңілдей аппақ қарымен көрікті болса, ал

көктемде жылғалардан су ағып, өсімдік атауы бүршік атып, ағаштар ақ гүлден моншақ тағынады, төрт-түлікте төлдеп тіршілікке жан бітеді. Айналасын жасыл кілемге төсеп дала біткенді суға жүгіртіп, қарынын үзілген жеміске тойдырған жаз да бар.
Ал кейбір жандар үшін орны бөлек - күз мезгілі. Иә, дархан дала төріне өзінің басқа маусымдарға ұқсамайтын келбетімен күз де келіп жетті. Сары жапырақ қоңыр салқын ауа-райы, жабырқаулы көңіл-күй, қара

суық жер күзге тән қасиет.

Мектепке асыққан бала, қоймасын астыққа толтырған диқаншы, қыс азығын жинаған шаруа, еңбекпен біте қайнасқан тірлік күз мезгіліндегі қызықты жайттар. Сондықтан күз - молшылықтың, байлықтың, берекенің

мезгілі болып саналады. Тамаша күз мезгілінің бір қуанышы, мектеп оқушылары үшін «Күзгі бал» мерекесі асыға күтетін мерекелердің бірі. Биылғы күз мерекесін мектебіміздің оқушыларының қалауларымен табиғат аясына топсеруенге шығуға ұйғардық. Бастауыш сынып пен жоғары сынып оқушыларымен бірге табиғатты

тамашалауға аттандық. Бастауыш сыныптың жауапты мұғалімдері Абенова Калия Шарипханқызы өте қызықты ойындар ұйымдастырды. «Аңшы мен үйрек», «Қызыл ту», «Қуыспақ» т.б көптеген қозғалмалы ойындар топтамасымен балаларды қуантты. Жоғарғы буын оқушыларына жауапты Алмуханбетова Кульшайра Жүсіпбекқызымен Бейсембаева Мақпал Қасымқызы оқушыларға танымдық ойындар мен қызықты

тапсырмалар арқылы оқушыларды қуанта білді. Сарғайған қыратты дала, шабылған шабындық орны, жұпар хош иісі аңқыған далада оқушылардың бойлары сергіп, тамаша көңіл-күйге бөленді. Оқушылар екі топқа бөлініп жұмсақ шөптің үстінде доп теуіп футболда жақсы ойнады. Мерекелі де, берекелі алтын күз, оқушыларға да,

ұстаздарға да естен кетпестей әсер қалдырды. Таза ауада демалған оқушылар көңілді тарқасты.

 

 

Өмірлік негізгі мектебінің

мұғалімі: Бейсембаева М. Қ

Просмотров: 472


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст