«Асық ату» және «Бес асық» ойыны аудандық жарысы»
Қазан айының 7-сі күні Өмірлік негізгі мектебінде қазақтың ұлттық ойыны аудандық «Асық ату»
және «Бес асық» ойындарынан жарыс өтті. Жарыстың ашылуында Аудандық Білім
Бөлімінің дене шынықтыру және АӘД әдіскері Тасмағанбетов
С.Ж. сөз сөйледі. Жарысқа барлығы 6
негізгі және 5 орта мектеп қатысты.
Жарыс екі түрге бөлініп ойнатылды. Бірінші түрі «Асық ату» ойыны ұлдар ойнаса,
екінші түрі «Бес асық» қыздар ойнады. «Бес асық» ойыны бойынша 1-ші орынды
Өмірлік негізгі мектебінің оқушысы жеңіп алса, екінші орынды А.Үкібай
мектебінің оқушысы жеңіп алды. «Асық ату» ойыны бойынша орта мектептер арасында
1-ші орынды Остров орта мектебі, 2 – ші
орынды Үкібай орта мектебі, 3 орынды Тасты – талды
орта мектебі жеңіп алды. Негізгі мектептер бойынша 1 орынды Өмірлік
негізгі мектебі, 2 орынды Тассуат негізгі мектебі., 3 орынды Кен негізгі
мектебі иеленді. Жарыстың соңында жабылуы болып, жүлделі орындарға ие болған оқушылар марапатталды.