2017 – 2018 оқу жылында
өткізілген қоғамдық – гуманитарлық пәндер бірлестігі апталығының есебі
20.11.-27.11.2017ж. уақыт аралығында ««Мәңгілік ел –мәртебелі тіл» тақырыбы аясында қоғамдық – гуманитарлық пәндер бірлестігінің апталығы өткізілді. Апталық жоспары құрылып, мектеп директорымен бекітілді. 20 қараша
күні апталықтың ашылу салтанаты өткізілді. Ашылу салтанатына бастауыш, орта және жоғары буын оқушылары қатысып, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілдерінде өлеңдерін оқып, тарих пәнінен «Мәңгілік ел» атты көріністі сахналады. Сонымен қатар, орыс тілі пәнінен сұрақтар викторинасы болып, оқушылар білімдерін жан –
жақты көрсете алды. Оқушыларға апталық жоспары таныстырылды.
20 қараша күні тарих пәнінің мұғалімі Кеулімжай М.Қ. 5 – 9 сынып оқушылары
арасында «Ең үздік тарихшы» сайысын өткізді. Сайыс 5 кезеңді қамтыды:
Iтур «Қанат қақты»
IIтур «Самғау»
III тур «Шарықтау»
IV тур «Бекет»
Vтур «Шыңға шығу»
Сайыс барысында әр түрлі жұмыс түрлері ұйымдастырылып, оқушылардың қызығушылығы жоғары деңгейде болды. Әсіресе, 8- сынып оқушысы Нағызқанова Жанар, 7 – сынып оқушысы Жақсылық Жасұлан
және 5 – сынып оқушысы Тұрағал Дінмұхамед білімдерімен көзге түсті. «Ең үздік» тарихшы
атағына 8 – сынып оқушысы Нағызқанова Жанар ие болды. Іс – шараға мектеп директоры Амиргазина Т.М.
және ӘББ басшысы Абишева Ж.Б. қатысып, сайысқа жақсы пікір айтылды.
21 қараша жұлдызында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Төлегенова Мөлдір 4 – сынып оқушыларымен «I want to be healthy food» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабақ барысында мұғалім алдына қойған
мақсатына жетті. Сабақ жоспары әдістемелік жағынан сауатты құрылған. Сабақ барысында АКТ – мен, топтық, жұптық жұмыстар жақсы ұйымдастырылды. Барлық оқушылар сабаққа жақсы қатысып, тақырыпты
түсініп, тапсырмаларды белсенді түрде орындап отырды. Сабина және Дәулет
тақырып бойынша өз ойларын еркін айта білді. Сонымен қатар, өз – өздерін әділ бағалай біліп, кері байланыста оқушылар сабаққа қорытынды жасай алды. Ашық сабаққа мектеп директоры Амиргазина Т.М. және оқу ісінің меңгерушісі Мықтыбекова З.Қ. қатысып, сабақ жақсы бағаға ие болды.
21 қараша күні мектеп кітапханашысы Есхожина Г.К. 5 -7 сынып оқушылары арасында «Ең үздік оқырман» атты сайыс өткізді. Сайыс 5 бөлімнен тұрды:
1бөлім. Кім тапқыр
2бөлім. Мақал сөз атасы
3бөлім. Ой мерген
4бөлім. Ой толғау
5бөлім. Кім көп біледі.
Аталған бөлімдер бойынша «Сұңқар» және «Тұлпар» топтары жұмыс жасады. Оқушылар шығармалардың авторларын тауып, суретте берілген кейіпкерге мінездеме беру бойынша жұмыстар жүргізді. Өнер – білім туралы мақал – мәтел айтылып, зымыран сұрақтарға жауап берілді. Әкімшілік тарапынан іс – шара жақсы бағаланды.
22 қараша күні тарих пәнінің мұғалімі Кеулімжай М.Қ. дүниежүзі тарихы пәні бойынша 6 – сыныпта «Ежелгі парсы патшалығы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты мен міндеті дұрыс
құрылған. Әдістемелік жағынан тиімді әдіс – тәсілдер алынып, тапсырмалардың бір
– бірімен байланысы болды. Оқушылармен топтық, жұптық тапсырмалар орындалды.
Әсіресе, Баянды Еділмен жақсы жұмыс жасалды. Сабақ барысында Назымбек Алишер
және Тлесова Сабина жұптық жұмыс барысында тасырмаларын өте жақсы орындады.
Айтжан Биімхан өз ойын жүйелі айтып, сабақ барысында белсенді болды. Әкімшілік
тарапынан сабақ жақсы бағаланды.
22 қараша күні 6-8 сынып оқушылары арасында орыс тілі пәнінің мұғалімі
Алмуханбетова К.Ж. «Кто возьмет миллион» атты интеллектуалды сайыс өткізді. 5-7 сынып
оқушылары 2 топқа бөлініп, өз білімдерін сынап көрді. Оқушыларға оқу пәндері
бойынша әр деңгей бойынша сұрақтар қойылды. Қатысушылар логикалық сұрақтарға да
жауап беріп, өз ойларын да айтуға тырысты. Нәтижесінде 8 - сынып оқушыларынан
құралған топ жеңіске жетті.
23 қараша күні қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Абишева Ж.Б. 7 – сыныпта
қазақ тілі пәнінен «Достық, татулық – өмірдің қызығы» тақырыбында ашық сабақ
өткізді. Сабақтың мақсаты дұрыс құрылған. Тыңдалым мен айтылым, жазылым
дағдылары қалыптасты. «Стопкадр», «Раундробин» әдіс – тәсілдері жақсы
ұйымдастырылды. Оқушылармен топтық, жұптық, жеке жұмыстар жүргізілді. Әкімшілік
тарапынан ашық сабақ жақсы бағаланды.
24 қараша күні 6 -8 сынып оқушылары арасында ««Болашаққа
бағдар» рухани жаңғыру» тақырыбында пікірталас алаңы өткізілді. Сайыс барысында
әр сыныпқа үй жұмысы берілді. 6 – сынып оқушысы «Өмірлік негізгі мектебінің
тарихы», 7 – сынып «Далабай ауылының тарихы», 8 – сынып оқушылары «Қарсақ
Қопабайұлы және Ұлы Отан соғына қатысқан ауыл тұрғындары» жайлы жобалар
жасады. Әкімшілік тарапынан іс- шара
жақсы бағаланды.
24 қараша күні қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі 5 – 8 сынып оқушылары
арасында «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» тақырыбында мәнерлеп оқу сайысын
өткізді. Іс – шара барысында Абай Құнанбайұлының әні және өлеңдері мәнерлеп
оқылды. 8 – сынып оқушысы Тулебаев Диас А. Құнанбайұлының «Көзімнің қарасы»
атты әнін орындады. Сайыста оқушылар сахна мәдениеті, мәнерлеп оқу, жатқа айту
бойынша бағаланды. Сонымен қатар, іс – шараға облыстық «Абай оқуларының»
жеңімпазы 8 – сынып оқушысы Нағызқанова Жанар ақынның «Өлең –сөздің патшасы,
сөз сарасы» атты өлеңін мәнерлеп оқыды. Әділ қазылардың қорытындысы бойынша I орынға
6- сынып оқушысы Воробьев Руслан ие болды. II орынға Тулебаев Диас,
Құрмантаева Дилназ, Сатыбалдина Дильназ ие болса, III орынды Назымбек Алишер,
Тұрағал Дінмұхамед, Майлан Перизат иеленді.
Әкімшілік тарапынан іс – шара жақсы бағаланды.
27 қараша күн апталықтың жабылу іс – шарасы өткізілді. Іс – шара барысында өткізілген сайыстарға қорытынды жасалып, апталыққа белсенді қатысқан оқушылар мен жеңімпаздарға мақтау қағаздары берілді.
ӘББ жетекшісі: Ж.Абишева