Өмірлік негізгі мектебінде Тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына орай іс-шаралар жоспары құрылып сол жоспар бойынша
бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтсақ 7-желтоқсан күні барлық сыныптарда сынып жетекшілер оқушыларымен бірге желтоқсан құрбандарына арнап көрме жасаса, ал 8 –желтоқсан күні «Тәуелсіздік – еліміздің тірегі» тақырыбында көрме ұйымдастырды. 11-желтоқсан күні барлық сыныптарда Тәуелсіздік мерекесіне байланысты тәрбие сағаттары ұйымдастырылып оқушылар біратар мәліметтер алды. Сонымен қатар
сурет пәнінің мұғалімі Байшин Қ.Т 3-7 сынып оқушыларының арасында суреттер
сайысын ұйымдастырып нәтижесінде оқушылардың сурет көрмесін жасады.12-желтоқсан күні мектеп кітапханашысы Есхожина Г.А 8-сынып оқушыларының арасында «Менің Қазақстаным» интеллектуалды ойынын ұйымдастырды. 14-желтоқсан күні мектебімізде ата-аналарға және ауыл тұрғындарына арнап мерекелік концерт
ұйымдастырылды. Мерекелік концерт ауыл әкімі Жомарт Болатұлы және мектебіміздің директоры Толкын Мұқатқызының құттықтау сөздерімен ашылды. Концерт барысында барлық сыныптар өз өнерін
көрсетті. Сонымен қатар «Болашақ» шағын орталығының тәрбиеленушілері де көрермендерді өздерінің өнерлерімен тәнті етіп мерекелік көңіл күй сыйлады. Осылайша Тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына арналған іс-шаралар жоғары
деңгейде, оқушыларға пайдалы әрі қызықты ұйымдастырылды.