"Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Далабай ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная срядняя школа села Далабай отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

25.12.2017

Жаратылыстану әдістемелік

бірлестігі пәндері  онкүндігінің ашылу

салтанаты


Жүргізуші: Құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі «Жаратылыстану

әдістемелік бірлестігінің онкүндігінің ашылу салтанаты» апталығының ашылу

салтанатына қош келдіңіздер! Оқушылардың қызығушылығын арттыру барысында пән

апталықтарының орны ерекше. Бұл апталықты өткізудегі негізгі мақсатымыз –

оқушылар бұл пәндерді тек сабақта ғана пайдаланып қоймай, өмірмен де байланысты

екенін түсіндіру. 

Жүргізуші:Уа,

халайық, халайық!

                      Бәріңе жар салайық!

                      Бүгінгі кеш төрінде,

                      жаратылыстану  елінде,

                      орыс, қазақ  тілінде,

                      Есеп шешіп жарысып,

                      Жұмбақ шешіп аңдысып…

                      Шабыттанып, шалқысып,

                      Көңілді ән салысып.

                      қызықты  кеш жасайық.

                      Ат салысып аянбай,

                      Бар өнерге басайық.

Жүргізуші: 

Бүгін біз биология, химия, география елдеріне саяхат жасаймыз. Алғашқы

ат басын тірейтін еліміз – биология елі. Енднше кезекті бізді қоршаған тірі табиғаттың

қыр – сырын,  өсімдіктер мен жануарлар әлемін  меңгертетін биология ғылымы

жөнінде айтары бар жас өрендерге берейік

   Табиғатың құпиясы тұңғиық,
  Көз жетпейтін мұнарасы тым биік,
  Білген сайын сырын оның жүреміз
  Жүректерге өшпес жалын нұр құйып
Табиғаттың қадірлеп қасиетін
Әділдікке әрқашан бас иетін
  Атаңнан мал қалғанша тал қалсын деп
  Халқың айтқан орынды өсиетін

Жүргізуші: 

Бәріміз мында қарайық
Ойынымызды бастайық
Алуан түрлі ойларды
Ортамызға тастайық.
  Биология пәнінен
Көрсетіп біздер батырлық
Ой толғалық жүйелі
Таңдайымызға татырлық

Ойын « Қызықты жануарлар әлемі»  шар

ішінен сұрақтар қойылады. Оқушылар сол сұрақтарға жауап қайтарады

Жүргізуші :Тағы да бір сайыстың реті  келді,

  Мықтылары ортаға шықсын енді.

Тез жауап бер, ойланып тұрып қалма,

Осы ойыннан көрейік ерен ерді

 

«Аукцион» ойыны

1 лот: Ғалым жөнінде сұрақ

Зат массасының сақталу заңын ашқан кім?

Кто открыл закон сохранения массы   (Ломоносов)

2 лот: цифр туралы сұрақ

Химиялық таңбаның алдына қойылатын цифр

Цифр который ставим перед химическим символом  (Коэффициент)

3 лот: сутегі туралы сұрақ

Сутекті алу үшін қолданылатын шыны аспап

Прибор для получения водорода     (Кипп аппараты)

4 лот: Калий перманганаты туралы сұрақ

Калий перманганатының тұрмыстық атауы

Как называется в быту перманганат калия    (Марганцовка)

5 лот: Минирал туралы сұрақ

 Табиғатта кездесетін ең қатты минерал

Самый твердый минирал в природе     (Алмаз)

6 лот: элементтер туралы сұрақ  

Кестедегі VII топтың негізгі топша элементтері

Как называется элементы VII (Галогендер)

Жүргізуші : саяхатымызды одан әрі жалғастырамыз. Келесі ел- география елі. География ғылым ретінде ежелгі Грекияда туған. Біздің заманымыздан бұрын өмір сүрген грек ғалымы Эратосфен өзінің Жерді

сипаттауға арналған еңбегін «география» деп атаған екен. Және, ұзақ уақыт бойы

география жаңа жерлерді ашып сипаттаумен ғана айналысатын ғылым деп есептелініп

келді.

ХІХ ғасырдың басында бүкіл Жер шарында ашылмаған жер қалмаған екен.Осыған орай географияның

міндеті де өзгерді. Ендігі жерде ол Жер бетіндегі денелер мен құбылыстардың

таралуын сипаттап қана қоймай, олардың себебін түсіндіретін ғылымға айналды.

Ал қазір география білгірлеріне сөз берейік.

1-оқушы: Қазақстанда 16-дан астам ірі қала бар. Солтүстікте – Көкшетау, Қостанай, Петропавл, Павлодар, ал Шығыста – Өскемен, Семей қалалары орналасқан.

2-оқушы: Оңтүстікте –  Қызылорда, Талдықорған, Түркістан, Тараз, Шымкент, Алматы, ал Батыста – Орал, Ақтөбе,

Атырау, Ақтау қалалары бар.

 3-оқушы: Солтүстік және Шығыстағы қалаларды орман-тоғай

қоршаған. Ең әдемі жері – Бурабай көлі.

4-оқушы: 

Қазақстанның орталығындағы Қарағанды, Жезқазған, Астана қалалары

Сарыарқа даласында орналасқан.

5-оқушы: Батыстағы қалалар Нарынқұмда, Каспий

теңізінің жағасы мен Жайық өзенінің бойында тұр.

 6-оқушы: Оңтүстіктегі қалалар Арал теңізі мен Сырдария, Шу,

Іле өзендері мен Алакөл, Балқаш көлдері жанында орналасқан.

 

Ойын

«Сиқырлы А әріпі»

Сұрақтар:

1.    Ауа қабаты қалай аталады?   Газовая оболочка земли                                                     

(Атмосфера)

2.    Қазақстанның батысындағы 5 әріпті қала

    Город из пяти букв в западном  Казахстане                                                         

(Ақтау)

3.    

Ең кіші материк            Самый маленький материк                                          

(Австралия)

4.   Оңтүстік Американы мекендейтін ең ірі жылан Самая массивная змея

обитающая в Южной Америке                                                                             

(Анаконда)

5.   Ең биік сарқырама        

Самый высокий в мире водопад                                                    

(Анхель)

6.    Бақылау нүктесінен өтетін меридиан жазықтығы мен сол нүктені қиятын

бағыттың вертикал жазықтығы арасындағы қос қырлы бұрыш.        

Это угол, который измеряется между заданным направлением и направ-   лением меридиана.                                                                                      (Азимут)

 Жүргізуші:

Осымен жаратылыстану пәндері апталығының ашылу салтанаты да тәмәм болды. Біз

сендермен қоштаспаймыз. Бұл басы ғана, достар! Көретін қызықтар әлі алда!

Апталықта бәрі бар - ашық сабақтар, жарыстар, конкурстар... Тамашалап, белсенді

ат салысып, білімді жастар екенімізді көрсетейік! Сіздерді апта соңында марапаттар

күтіп тұр!

Просмотров: 1084


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст