"Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Далабай ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная срядняя школа села Далабай отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Өмірлік негізгі мектебінің І жарты жылдық бойынша мерейлі жетістіктері!

11.01.2018

  Өмірлік негізгі

мектебінің І жарты жылдық бойынша

мерейлі жетістіктері!

 

         Мектептегі ұстаздардың жасап жатқан жұмысы ол әрине мектеп жетістіктерінен көрінеді. Бұған дейін де мектебіміздің жетістіктері жеткілікті алайда соңғы 2017-2018 оқу  жылының І-жарты жылдығындағы

жетістіктерге  тоқталып кетсек: Мектебіміздің тірегі саналар ұстаздарымыз бен шәкірттеріміздің осы І жарты жылдықтағы  жетістіктері аз болған жоқ . Атап айтар болсақ, обылыстық кәсіподақ жұмысы үшін Мықтыбекова З.Қ. алғыс хатқа ие болды. Амиргазина Т.М. облыстық білім басқармасының  құрмет грамотасына ие болды. Сондай-ақ Абишева Ж.Б. «Жарқайың ауданының ең үздік жасмаманы-2017» сайысына қатысып бас жүлдеге

ие болды. Сонымен қатар,республикалық қашықтықтан КИО олимпиадасына қазақ тілі пәнінен қатысып аудан бойынша І орын алды,қазақ әдебиеті бойынша ауданнан І орын,

обылыстан ІІ орынға ие болды. Республикалық «Зерделі» сайытындағы қашықтықтан

байқауға қатысып алғыс хат иеленді. Бейсембаева М.Қ. Жарқайың ауданының ең

үздік жас маманы-2017 сайысына қатысып І орынға ие болды. Курмантаева А.И.

Республикалық «Зерделі» сайытындағы қашықтықтан байқауға қатысып алғыс хат

иеленді. Алмухамбетова А.Т. республикалық қашықтықтан КИО олимпиадасына

информатика пәнінен қатысып аудан бойынша І орын алды. Алмухамбетова К.Ж.

республикалық қашықтықтан КИО олимпиадасына орыс тілінен, география пәндерінен

және НИО олимпиадасына география пәнінен қатысып аудан бойынша І орын алды.

Кеулімжай М.Қ. республикалық қашықтықтан НИО олимпиадасына тарих пәнінен

қатысып ІІІ орынды иеленді. Сонымен қатар қашықтықтан сайыстарға қатысқаны үшін

алхыс хаттарға ие болды. Абенова К.Ш. республикалық қашықтықтан ККО

олимпиадасына қатысып І орынды және НИО олимпиадасына қатысып ІІІ орынды

иеленді.          

«Ұстазсыз шәкірт – тұл, шәкіртсіз ұстаз тұл» дегендей ұстаз бен шәкірт жетістігі бір-бірімен тығыз байланыста. Шәкірт ұстазға қарап өседі. Ұстазының білімін, берген тәрбиесін, кеңе­сін алған шәкірттеріміздің де жетістіктері аз емес. Аудан көлемінде өткен оқушылар арасындағы футбол жарысына оқушыларымыз  қатысып бірінші  орынды иеленді.  Асық ойынынан, тоғызқұмалақтан және шашки ойынынан І орын алды. Тулебаев Д. аудандық «Шәмші

әндеріне» қатысып І орынды, Ә.Кекілбаев оқуларында сурет сайысына қатысып ІІІ орынды иеленді.  Жақсылы Ж. аудандық «Фариза оқуларына» қатысып ІІІ орынды иеленді. Нағызқанова Ж. қазақ тілінен қашықтықтан

республикалық  олимпиадаға қатысып І орынды және Зерделі сайытында «Хандар жылнамасы» байқауына қатысып І орынды , «Тәуелсіздікті жырлаймын» байқауына қатысып І орынды, ЕҰУ ұйымдастырған рухани жаңғыру бағдарламасы аясында тарих пәні бойынша ғылыми жұмысқа  қатысып ІІ орынды иеленді. 8-сынып оқушылары Ә.Кекілбаев оқуларында көрніс көрсетіп ІІ орынды алды. Биржанова С. Зерделі сайытында «Менің мектебім» атты байқауға қатысып І орынды, Ақбота республикалық марафонына қатысып ІІІ орынды алды.

Сабиболат А. пен Кенжебаев Е. Ақбота марафонына қатысып ІІІ орын алды.  Аудандық олимпиадаға география пәнінен Шариполлинов Е. І орынды, информатика пәнінен Тулебаев Д. ІІ орынды, тарих

пәнінен Нығызқанова Ж. ІІІ орынды иеленді. Республикалық Ақбота марафонына

Тұрағал Д., Мурзабеков Д., Жұманбай Д., ІІ орынды, Майлан П., пен Сатыбалдина

Д. ІІІ орынды иеленді.

         «Ісіңізге, еңбегіңізге, оқуыңызға нағыз адамгершілікпен кіріссеңіз, сөз жоқ, жеңіске жетесіз» дейді ғой ғалым Қаныш Сәтбаев. Өйткені ең алдымен өз кәсібіңе, өз пәніңе деген зор сүйіспеншілік болғаны абзал. Осы орайда менің ұжымымның жоғарыда аталған әрбір ұстаздың – оқушылардың жеңісі  білімге деген құштарлықтан туған жеңіс деп санауға болады. 

 Өмірлік орта мектебі ұжымының 80 пайызы жас мамандар болса да көптеген белестерді бағындырып, асулардан асуда. Мұның бәрі ұжымымыздың бірлігінің арқасында. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп, сыйластықпен  жұмыс жасайтын біздің мектеп ұжымының қарқыны мұнымен тоқтамайды, әрі қарай   жұмыла

жұмыс жасап әлі талай асулардан асып, белестерді бағындыратынына сеніміміз мол!

Өмірлік негізгі мектебінің

Бастауыш сынып мұғалімі

Бейсембаева М.Қ.

 

Просмотров: 430


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст