"Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Далабай ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная срядняя школа села Далабай отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Педагог қылқаламы» аттестациядан өтетін мұғалімдердің шығармашылық есебі

12.01.2018

Жалпы мектеп, оның қазіргі таңдағы жай-күйі мен дамуы, болашағы туралы сөз қозғағанда,

ұстаздардың кәсіби құзырлығын қалыптастыру жайына тоқталмауға болмайды. Себебі, оқушының тәрбиелілігі,

білімділігі, қарым-қатынасы айтарлықтай деңгейде ұстазға байланысты болып табылады.

«Даналық, тәжірибе, білім – ұзақ ғұмырдың сыйлайтын олжасы» ұстаздар өздерінің

біліктілігін, кәсіби шеберлігін үнемі шыңдау жолында. Осы орайда 9-шы қаңтар күні  Өмірлік негізгі мектебінде аттестациядан өтетін мұғалімдердің жұмыс жүйесімен таныстыратын «Педагог қылқаламы»

атты  әдістемелік отырыс өткізілді. Бұнда ұстаздар өздерінің жұмыс жүйелерімен, сабаққа қолданатын әдістерімен, тәжірибелерімен ой бөлісті.

Бірінші болып өзінің жұмысымен орыс тілі пәнінің мұғалімі , еліне еңбегімен сыйлы, өмір жолы жас ұрпаққа өнеге

болған абзал жандардың бірі Алмуханбетова Кульшайра Жусупбековна таныстырды. Ол кісінің жалпы еңбек өтілі – 32 жыл. IІ санатқа өтініш берген. Өзін үнемі жетілдіріп жүрген еңбекқор ұстаздардың бірі ретінде айтуға болады. Оқушылары да ол кісінің үмітін ақтап, өздерін білім жағынан жақсы деңгейде көрсетіп жүр.

Содан кейінгі сөз кезегін өз қолына бастауыш сынып мұғалімі  Абенова Калия Шарипхановна  алды. Жалпы еңбек

өтілі – 26 жыл, атаулы мектепте 2 жылдан бері жұмыс істеп келеді, I санатты растау. Абенова Калия оқушыларға жаңартылған білім мазмұны бойынша сабақ береді. Жетекшілік етіп жатқан  сыныбында білім сапасы 100 пайыз. Кульшайра апай да, калия апай да  ІІІ негізгі деңгейдің сертификатталған ұстаздар.

Үшінші болып  бастауыш сынып мұғалімі  Бейсембаева Мақпал Қасымқызы өз шығармашылық есебін берді.Мақпал өз біліктілігін ІІ санатқа көтеріп жатыр. 

Шығыс ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби «Шығармашылық қабілет жоғары ойлау әрекетінде және оны

ұдайы жаттықтыру барысында іске қосылады» деген. Сол себепті де қазіргі заман талабына сай ұстаздар өздерін үнемі дамыту үстінде болуы тиіс. Еңбектеріңіз ерен, жұмыстарыңыз алға баса берсін, құрметті әріптестер!

 

Просмотров: 946


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст