«Өмір қымбатсын маған!»
Өмір шіркін күннің сәулесі секілді жарқ етіп өтеді де кетеді. Сондықтан да біз осы уақытқа дейін не үшін өмір сүргенімізді, не істейтінімізді ойлануымыз қажет. Біз өмірге келеміз, ата - анамыз бізге тәрбие
беріп, бізді аяғымызға тік тұрғызады. Кейін білім алып, жоғары оқу орнына
түсіп, жақсы жұмысқа орналасамыз. Бірақ соның барлығы не үшін екенін
түсінбейміз. Барлығымыз алдымызға мақсат қоямыз, бірақ ол мақсатты орындағаннан
соң не болады?
Алла тағала бізге бұл өмірді сыйлады. Сондықтан да біз бұл өмірді мәнді өткізуіміз
керек. Артымызда із қалдырып, тарихта атымыздың қалуын мақсат тұтуымыз да қажет
секілді. Тіпті сен жақсы жерде оқымай, дүниеден тапшылық көрсең де сен туралы
жақсы сөз айтылатын болса, ол сенің өмірді құр өткізбегенің. Адам кез келген мақсатқа
қол жеткізе алады. Тек соған ерінбей еңбек етсе болды. Өміріміздің мәні болсын,
бұл өмірден алар еншімізді ала өтсем деп өмір сүреміз. Елімізге елеулі, халқымызға
қалаулы егемен еліміздің ертеңі болсам деген үкілі үмітіміздің үзілмеуін
қалаймыз, және сол үшін күресеміз. Жалғанда қалмай, жаныма жарық түсірер мақсат
қою адамды алға жетелейтін секілді. Осы тақырыпқа байланысты мектебімізде «Өмір
маған қымбатсын!» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Тәрбие сағатында мектеп
психологы оқушыларға суйцидке жол жоқ туралы бейнебаян көрсетілді. Сонымен
қатар оқушылардан суйцидке байланысты сауалнамалар алынып, қосымша ақпараттар
берілді. Әр сыныпқа жадынамалар мен кітапшалар таратылды.
Қорытындылай келе біздің ұранымыз: «Мен өмірге ғашықпын.
Тек ӨМІРГЕ ғана!!!».