"Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Далабай ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная срядняя школа села Далабай отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»

18.01.2018

 

«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»

Қоғам үшін ең бастысы-тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір. Оның

кепілі-заңдылық. Тәуелсіздік терімізден орын алған қоғамдағы ең басты құндылық-адам бостандығы. Адам және адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау-конституциялық заңдылықтың басты талабы. Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттердің бірі-бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу.  Зорлық балалардың денелік және психологиялық денсаулықтары және жан-жақты дамулары үшін ауыр машақат болып табылады. Қазіргі кезде бала күтушілер мен бала асыраушылар әлі жасқа да толмаған балаларды аямай ұрып-соғуы әлеуметтік желілірде қаптап жүр. Сонымен қатар балаларын далаға

тастап кететін көкек аналарда көбейіп кетті. Бұл не деген қатігездік!? Сонда

жануардан қандай айырмашылығымыз бар?! Бірақ, аң да екеш аңда өз баласын

тастамай қорғап, оған жәбірлік көрсетпейді емес пе?

Қазіргі кез зорлық-зомбылықтың шарықтап тұрған кезі болғандықтан мектебімізде 5 – 9 сынып оқушыларымен бірге «Зорлық зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында психологиялық тренинг өткіздім. Оқушыларға зорлық зомбылықтың түрлерімен таныстыра отырып, отбасылық зорлық зомбылық туралы видео көрсетілді. сонымен қатар оқушылар берілген мәліметтерден өз түсініктерін

постерге түсіріп, ортаға шығып қорғады. Қорытындылай келе оқушылардан тақырыпқа

сай сауалнама алынып, бақытты балалық шақ белгісін алақандарымен салды.

 

Өмірлік негізгі мектебінің психологы Курмантаева А.И.

Просмотров: 462


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст