Өмірлік негізгі мектебіндегі оқушылар арасында сыбайлас жемқорлықсыз орта
қалыптастыру бойынша «Адал ұрпақ» клубының жоспары аясында он тоғызыншы қаңтар күні «Сен өз құқығынды білесің бе?» тақырыбында іс-шара өткіздім. Бұл іс-шараға 6-9 сынып оқушылары белсене
қатысты. Ең алдымен оқушыларды «Балалар құқығы туралы халықаралық тұжырамдамамен»
таныстырдым.Тұжырымдама-әлем балаларының құқығын қорғау туралы және оларға тәрбие беру жөніндегі бірнеше баптан тұратын маңызды құжат.
Іс-шараның негізгі мақсаты:Заңды сыйлайтын тұлғаны қалыптастыру,өз болашағына
жауапкершілікпен қарауды тәрбиелеу.Тақырыпты талқылау арқылы құқықбұзушылықтың екі түрі бар екенін білдік.Яғни қылмыс және құқықбұзушылық әрекеті.Мен балаларға қылмыс оғиғаларына байланысты мысалдар келтірдім.Балаларға өз құқықтарын білу маңызды екенін түсіндірдім.Солардың ішінде өмір сүру
құқығы,денсаулық құқығы,демалу, білім алуға , жеке меншік құқығы,жеке бас бостандығы,отбасында өмір сүру, әркімнің жеке өміріне қол сұғылмау құқығы,білім алуға құқығы.Сонымен қатар баланың
ата-аналар алдында, мемлекет алдында, мектеп алдында міндеттері бар екені баршаға мәлім. Міне балалар әркім өзінің құқығы мен міндетін сауатты түрде білсе оны орындаса нағыз азамат болып
табылады. Осы шара барысында оқушылар әр түрлі жағдаятты сұрақтарға жауап беріп тапсырмалар орындады.
Мектеп кітапханашысы: Есхожина Гүлдана Айтуғанқызы