"Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Далабай ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная срядняя школа села Далабай отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Өмірлік негізгі мектебінде оқушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдени орта қалыптастыруға байланысты іс-шара

09.02.2018

Өмірлік

негізгі мектебінде оқушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдени орта

қалыптастыруға байланысты іс-шара

         Қазіргі таңда «Сыбайлас жемқорлықпен күрес  және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу»  мәселелері  қоғамда белең алып отырған мәселелердің бірі екені  баршаға мәлім.  Елбасымыздың жолдауындағы   мемлекетіміздің дамыған 30 елдің қатарына кіру үшін қойылған 10 міндеттің ішінде дәл осы «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» 

мәселесі  айқын көрсетілген.   Және де  бұл тақырыпта  еліміздің түкпір-түкпірінде   барлық ұйымдарда  әртүрлі шаралар ұйымдастырылуда.  Дәл осы мәселені шешуге  мектеп те де өз үлесін қосу мақсатында Өмірлік негізгі мектебіндегі «Адал Ұрпақ»  ерікті мектеп клубының  жоспары аясында  тарих және құқық пәнінің мұғалімі  Кеулімжай М.Қ   ұйымдастыруымен   оқушылар арасында сыбайлас жемқорлықсыз мәдени орта қалыптастыру мақсатында   8-9 сынып оқушыларына  «Сыбайлас жемқорлық жоқ ел – өркендеуші ел»  тақырыбында  іс-шара өтті. 

Іс-шараның мақсаты қазірден бастап оқушылардың бойына елімізге қиянат жасамау, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, бұндай қылмысқа қатыспау сияқты ұғымдар сіңіру болып табылады.   Алдымен  Елбасымыздың 

2018 жылғы Қазақстан халқына жолдауындағы  9-міндетіне тоқталып  елімізде сыбайлас жемқорлықпен күрес қалай

жүзеге  асып жатқандығы туралы оқушыларға түсінік берілді.  Содан соң оқушылар  презентациядағы  сыбайлас жемқорлыққа байланысты  карикатураға өздерінің түсінігі бойынша сипаттама берді.   Сонымен қатар  осы тақырыпқа байланысты  бейнеролик көрсетіліп оқушылар өз ойларын ортаға салды.  Сондай ақ мұғалім тарапынан қойылған  ситуациялық сұрақтарға оқушылар мүдірместен  еркін жауап бере алды.  Ал іс-шара соңында  2 топқа 

«Сыбайлас жемқорлық жоқ ел»  «Сыбайлас жемқорлықтың елімізге зияны» тақырыптарында   постер құрастыру

тапсырмасы берілді.  Бұл тапсырманыорындау барысында да оқушылар  өздерінің ойын ортаға салып сұрақтар қойып және сол сұрақтарына жауаптар алып талқылай алды.  Жалпы қорытындылай келе іс-шара өз мақсатына жетті.   Оқушылардың бойында қазірден бастап  еліміздің мүлкіне тиіспеу, қоғамға зиянын тигізбеу, әділ болу, ұрлық түбі – қорлық ұғымы  толықтай сіңірілді.

 

Просмотров: 549


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст