Ауданымызда республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өтті. Оқушылардың республикалық олимпиадасы дарынды балаларды анықтау және дамыту, оқушылардың ғылыми білімге қызығушылығын арттырудың тиімді нысандарының бірі болып табылады. Пәндік олимпиадалар жыл сайын өткізіледі. Олимпиада оқу жылының барысында 8-11 сынып оқушылары арасында әр жалпы білім беретін пән бойынша өткізіледі. Олимпиаданың барлық кезеңдеріндегі қатысушылардың жұмыстары қазылар алқасына алдын ала шифрланған және сканерленген түрде ұсынылды. Олимпиаданың бірінші және екінші кезеңдерінде орта және жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша мектебімізден екі оқушысы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша орыс тілі пәнінен Майлан Перизат ІІІ орын иеленсе, Тлесова Сабина ағылшын тілі пәнінен ІІ орынға ие болды. Жетекшілері: Альмуханбетова К.Ж. мен Алдашев С.К. шығармашылық табыс тілейміз!