"Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Далабай ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная срядняя школа села Далабай отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндікті өткізу туралы ақпарат

16.02.2021

«Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндікті өткізу туралы ақпарат

       Онкүндіктің ашылуы 02 ақпан күні өтті. Ашылу рухани-өнегелі кеш түрінде өтті. Оқушыларға махаббат, бақыттың құндылық ретіндегі мағынасы және мейірімді адами қасиеті мен өзара көмек әрекеттері туралы түсінік берілді.  Рухани адамгершілік қағидаларын өз бақыты үшін дұрыс қолдана білуге, өмірді бағалай білуге тәрбиелеу мақсаты негізге алынды. Кеш барысында оқушылар құндылықтарға сүйене отырып,  адамдар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жағдаятын  талқыға салды. Сонымен қатар, балалар  «Бақытты отбасы» әңгімесі негізінде диафильм құрастырды.

            3 сыныпқа "Балалар деп соққан жүрегі" атты сабақ өтті. Сабақ Сара Алпысқызы Назарбаеваға арналды. Сабақ барысында оқушылар Сара Алпысқызының өмірбаянымен танысты. Сонымен қатар,  олар адами құндылықтар, сүйіспеншілік, достық туралы пікір алмасып, көптеген қызықты тапсырмалар орындады.

         Ал  мектеп кітапханашысы Г.А.Есхожинаның ұйымдастыруымен «Құндылықтар қазынасы» атты кітап көрмесі өтті.  Оқушылар мектеп қорындағы құндылықтарға баулитын кітап-журналдармен және бірқатар электронды кітаптармен танысты.

       Мектеп психологі А.И.Курмантаеваның ұйымдастыруымен «Өмірдің мәні» атты әңгіме-пікірталас өтті. Оқушылар адам бойындағы асыл қасиеттерді дамыту жөнінде пікір алмасты. Сонымен қатар, «Дос, достыққа» сергіту ойыны, «Бәрі жұлдыздар» жаттығуы, «Композицияны аяқтау» тапсырмасы орындалды. Оқушылар қызығушылықпен қатысып отырды.        

             Мектептегі дебат клубы мейірімге қатысты «Әлем мейірімге мұқтаж» аты тақырыпта дебат өткізді.  Дебатты өткізу кезінде бізде әдеттегідей екі жақ болды.  Яғни жақтаушы-даттаушы.  Жақтаушы жақ мейірімнің  тіршілік үшін басқа да қажеттіліктер сияқты маңызды екенін негізге алса, даттаушы жақ қарама-қарсы позицияны ұстанды.  Тақырыпта қозғалған барша сұрақтарды балалар қарап, ойланып  өз ойларын ашық айта алды.  Негізгі тақырыпта талқыланған сұрақтар: әлемдегі адамдардың бір-біріне мейірімділігі, қатігездікті жою шаралары және ұлт аралық бейбітшілік. Әрине балалар өздеріне қойылған  сұрақтар жөнінде толыққанды өз ойларын айта білді, шешімін таба білді.  Дебат қорытындысы бойынша жақтаушы топ жеңіске жетті.

             Қазақ тілі пәнінің мұғалімі  мектеп оқушыларымен  «Асыл жүректі ана» атты мәнерлеп оқу сайысы өткізді. Сайысқа 5-9 сынып оқушылары қатысты. 5-сынып оқушысы Ысқақ Самат мәнерлеп оқу шеберлігімен ерекшеленіп, 1-орынға ие болды.  Ал көркем еңбек мұғалімі  Байшин Қ.Т «Достық асыл  қазына» деген атаумен 1-4 және 5-6 сынып оқушылары арасында үздік сурет сайысын өткізді. Сайыстан ең үздік деп танылған 3-сынып оқушысы Тұрағал Әмір, 1-сынып оқушысы Көшкімбай Хангелді және 5-сынып оқушысы Ысқақ Самат жүлделі орындарға ие болды.

           Онкүндіктің қорытындысы ретінде 12 ақпан күні мектеп оқушыларымен сынып сағаттары өтті. Сынып сағаттары «Өнеге отбасынан», «Мейірімділік – асыл қасиет», «Қызығы толы бұл әлем» тақырыптарын қамтыды. Сынып сағаттары барысында жалпы адами құндылықтар, қоршаған ортаның адамға әсері, қарым-қатынас мәдениеті  туралы айтылды.  Оқушылар өте белсенді қатысып, өз ой-пікірлерімен бөлісті.

          Өзін-өзі тану онкүндігі оқушылардың рухани дамуына  елеулі үлес қосты. Әр түрлі форматта өткізілген іс-шараларға балалар үлкен қызығушылықпен қатысты.

Просмотров: 245


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст